Функционалдық мiндеттерi:

Елді-мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді. Елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi; тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады; Жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады; Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың деректер банкің қалыптастырады және жүргізеді. Әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі аудандық комиссияға кажетті құжаттарды әзірлейді (тұрғындардың өтініштері бойынша). Табысы төмен, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік картасын жасақтап, олардың қажеттілігін анықтайды және тиісті шараларын алуды ұйымдастырады. Әлеуметтік сала бойынша келген кіріс құжаттарына уақытылы орындалуын, қажетті есеп беруді және мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді. Халыққа, оның ішінде мұқтаж адамдарға құжаттарын рәсімдеуде консультациялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді. Қамқоршылық, қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысады. «Е-халық» ақпараттық жүйесіне тұрғындар туралы мәліметтерді енгізеді және тоқсан сайын деректердің өзектендірілуін қамтамасыз етеді.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім немесе жоғарыдан кейнгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғарғы білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Казталов ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне, шешім шыққан күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде, шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Нысан

_______________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________

(қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.