Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы («E-G-3» санаты, лауазым индексі №03-04-01).

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 (min) теңгеден 94109 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстану. Округ әкімі қабылдаған өкім, шешімдерінің жобасын заңдарға сәйкес даярлау. Мемлекеттік наградаларға ұсынбалар, құжаттар жинау. Заңдарда белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер жасау. Округ әкімінің есеп беру  жиналыстарын ұйымдастыру және хаттамасын толтыру. Округ аумағындағы құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтап, ақпараттар  дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарға немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық  комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
«Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Нотариат туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалары туралы»  Заңдарын білу
*Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қолданылады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Казталов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөліміне (№8 бөлме) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не akimkaztalov@mail.ru электрондық пошта мекенжайына электронды не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Казталов ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
15.04.2016