Мәдениет және спорт
Ауданымызда 46 кітапхана, 38 мәдени-демалыс ұйымы, 1 кинотеатр, 2 автоклуб, 30 спорт залы, 28 спорт алаңы, «Халықтық» атағы бар 6 ұжым жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметкерлер саны 5, штаттан тыс қызметкерлер 5.
      Бөлімге қарасты мекеме, кәсіпорындар:

  1. «Казталов ауданы әкімдігінің Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі.        
  2. «С.Садыков атындағы Казталов аудандық мәдени – демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
  3. «Казталов орталық аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК  
  4. Казталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК
  5. «Айбын» спорт клубы 

          2018 жылдың I тоқсанында барлығы 314 мәдени–көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 14600 көрермен қатысқан. 
Кітапханалар жүйесі бойынша 2018 жылдың I тоқсанында 14528  оқырман  қамтылып, оларға 145280 кітап таратылып, кітапханаларға келушілер саны 87168-ге жетті.  Бүгінгі таңда жүйе кітапханаларының кітап қоры 415325 данаға жетіп, олардың ішіндегі мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны 265879 дана. 
Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт  мектептерінде 12 спорт түрінен 654 оқушы спорттық секцияларға қатысуда. 
Аудан бойынша 8352 адам (28,4 пайыз) тұрақты спортпен шұғылданады. Аудан мектептерінде 4967 оқушы дене шынықтыру пәні сабағына қатысады, оның спорттық үйірмелерінде 1768, спорттық сауықтыру бағытындағы үйірмелерде 790.
Жылдық жоспар бойынша ауылдық округтер, мекемелер арасында, мерекелік күндері әр спорт түрлері бойынша ересектер мен оқушылар арасында 2 облыстық, 38 аудандық деңгейде әртүрлі  спорттық жарыстар өткізілді.