Казталов ауданының жалпы територриясы 1 860 581 га соның ішінде: а/ш мақсатындағы жерлер 587487,0 га, елді-мекен жерлері 220384 га, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс т.б. жерлер 2814 га, су қорының жерлері 10462,0 га, босалқы жерлер 1039434 га.
1. Казталов ауданы бойынша 566 шаруа қожалығы бар. Олардың пайдаланып отырған жер учаскесінің жалпы көлемі 545031 га соның ішінде: тыңайған жер 7377,0 га, шабындық  92361,0 га, жайылымдық443968,0 га, басқа жер 1325,0 га. 
2. 2016 жылы аудан көлеміндегі ауыл шаруашылық жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, түгендеу жұмыстары бойынша 102 агросубъектілерден  73999,0 га жер учаскелері кері мемлекет меншігіне қайтарылды.
3. Аудан бойынша шаруа қожалықтары өз қаражат есептерінен 5200,0 га, егістік жерлерін басқа алқап түрлеріне ауыстырылды.
4. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 86818,0 га егістік жер учаскелері бар. Соның 70039,0 га жері бюджет есебінен 4 975 664 теңгеге  шабындық, жайылым алқаптарына яғни бір түрден екінші түрге ауыстырылды (трансформацияланды).
5. Үнемделген қаражат есебінен 336 000 теңге ауыл шаруашылығы мақсатындғы жер учаскелерін конкурс арқылы беру мақсатында Болашақ а/о 1000,0 га, Ақпәтер а/о 1000,0 га, Қараөзен а/о 200,0 га, Жаңажол а/о 300,0 га, Бостандық а/о 500,0 га, Казталов а/о 1000,0 га, Қараоба а/о 1-уч 700,0 га, 2-уч 300,0 га, Талдықұдық а/о 700,0 га, жалпы көлемі 5700,0 га жер учаскелеріне жерге орналастыру жобалары жасақталды. 
5. Күні бүгін аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатынан 95 шаруа қожалығына  61035,0 га, 15 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне АШӨК 26621,0 мың га жер учаскелері берілді.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылығы 20 мамырдағы 100 нақты қадам бағдарламасының 35, 36 қадамдарына байланысты мемлекет меншігіне қайтарылған шаруа қожалықтарының жер учаскелері ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізілуде. Аудан бойынша жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарының иеліктерінде 40000,0 га жер учаскесінің күні бүгін 33638,0 га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
7. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «2017-2019 жылдары қолда бар жер қорына талдау (жерге құжаттамалық ревизия) жүргізу жөніндегі 2017 жылдың 15 наурызындағы №123 бұйрығына сәйкес аудан бойынша жұмыс тобы құрылып, шаруа қожалықтарының жер учаскесіне берілген құжаттары тексерілу үстінде.
8. Жеке және заңды тұлғалардан жер учаскелерін алу және жер мәселесі жөнінде 532 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
8. Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 28 жер учаскесі жалпы көлемі 2,8 га жер учаскелері берілді. Жалпақтал ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін дайын алаңдар болмауына байланысты 33 азамат күні бүгін кезекте тұр.
9. Казталов ауданы әкімдігіне «Жер учаскелерін беру туралы, шаруа қожалықтарының жер учаскелеріне өзгерістер енгізу туралы» 32 ұсынба ұсынылып, 302 аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды.
10. 35 рет аудандық жерді меншікке немесе пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау жөнінде комиссия отырысы оздырылды. Комиссия отырысына «Жер учаскелерін беру туралы» 487 құжат ұсынылып, барлығыда қанағаттандырылды. 
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылығы 31 желтоқсандағы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасын бекіту туралы №922 қаулысына сәйкес Казталов ауылы бойынша 2 қабатты көп пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысына жер учаскелері берілді.
12. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жер учаскелерін пайдаланған үшін, келтірілген ауыл шаруашылығы шығынын өтеуден 1 710 811,56 теңге республикалық бюджетке қаражат түсірілді. 
13. Коммерциялық бағытқа 7 жер учаскесі жеке меншікке сатылып бюджетке 582 350 теңге түсірілді.
14. 2017 жылы ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес Казталов ауданының Қайыңды, Ботандық, Қараөзен, Болашақ, Талдыапан, Қараоба, Жаңажол ауылдық округтерінен 5700,0 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру жоспарлануда.
15. 2017 жылдың тоғыз айлығында бөлім бойынша халыққа 752 тегін мемлекеттік қызмет көрсетілді.
16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332  «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұхсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде аудан бойынша маусымдық мал жайылатын жайылымдық жер учаскелері бекітілу үстінде.
Жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері

  1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің
    кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
  2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру
    жобаларын бекiту»
  3. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
    рұқсат беру»
  4. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"
  5. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  6. «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»
  7. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
    ауыстыруға рұқсат беру»