2017-2018 оқу жылын ауданымыз 41 мектеппен, соның ішінде- 5049 оқушымен бастады. Барлық білім беру ұйымдарында -1049 ұстаз қызмет етуде. Оқушылардың – 3244- сі ыссы тамақпен қамтылған. Оның-1629 аз қамтылған отбасы балалары. Мектеп жанындағы - 13 мектеп интернатымыз бар. Онда - 421 оқушы тәрбиеленеді. Интернат тәрбиеленушілеріне қазіргі заман талаптарына сай барлық жағдай қарастырылған. Мектептерге жоспар бойынша жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады, барлық мектептері интернетке қосылып, компьютерлермен жабдықталып, оқу- құралдары толығымен жеткілікті таратылды. Ауданымыз 2017-2018 ж оқу жылын жоспарға сай бастады.


Аудандық білім беру жүйесін 41 (оның ішінде, 20 ОЖББМ, 7 НЖББМ, 14 БЖББМ) жалпы білім беретін мектеп құрайды. Оқушылар санынынң жетіспеуіне байланысты 2 бастауыш орта жалпы білім беретін мектептері жабылды. Оқушы саны – 5049, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 43 балаға өсіп отыр.
Аудандық білім беру ұйымдарында 1061 ұстаз қызмет жасайды. Оның жоғары білімді – 832, орта білім – 229 ұстаз және жоғары санатты – 78, І санат – 370, ІІ санат – 325, санатсыз – 288 ұстазды құрайды.
Біліктілік арттыру курстары бойынша: үш тілділік курсын – 44 ұстаз оқыды, қысқа мерзімді курсты – 38 ұстаз, деңгейлік оқу курсы бойынша – 163 мұғалім және 5 мектеп директорлары оқыды. Сонымен қатар жаңартылған 2, 5-7 сыныптар бойынша – 533 мұғалім, соның 229-ы (4 млн. 26 мың ) оқыды, 304-і оқиды.
2016 – 2017 оқу жылында  кітапхана қорынан оқушылардың 100% қамтылды. 2017 – 2018 оқу жылына 2, 5, 7 сынып оқушыларын жаңа оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында 160 млн 690 мың қаржы бөлінді. Соның РБ есебінен – 36 млн. 297 мың, ОБ – 88 млн. 515 мың, ЖБ – 35 млн. 878 мың теңге бөлініп, 19 баспадан шығарылатын 107401 дана кітапқа тапсырыс берілді.
Жалпы аудан бойынша ағымдағы оқу жылында 4997 оқушы аяқтаса,  11 сыныпты 233 түлек аяқтады, оның ішінде 21 түлек орыс сыныбында оқыды. 233 түлектің  134-сі (58,7%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 125, Ғ.Молдашев ат. ОЖББМ оқушысы Мухамбетқалиева Карима  алды. Казталов ауданы ҰБТ көрсеткіші бойынша облыс деңгейінде 3 орынға көтерілді.
Казталов ауданының білім беру бөліміне қарасты Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы 140 орындық «Ертегі» бөбекжайына күрделі жөндеу жұмысына облыстық  бюджеттен – 93 млн. 676 мың және Қошанкөл ауылындағы 464 орындық  Ғ.Беғалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жұмысына облыстық  бюджеттен 167 млн. 581 мың бөлінді.
2017 жылдың мамыр  айында аудандық бюджеттен 21 млн. 280 мың теңгеге төрт Уаз автокөлігі алынып берілді, олар Қараоба ауылында орналасқан Ғ.Қараш атындағы мектеп – ғимназиясы, Болашақ ауылында орналасқан Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі,  Қараөзен ауылында орналасқан Қараөзен мектеп – лицейі және Көктерек ауылында орналасқан Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі.
2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес С.Есетов ат. ОЖББ мектебіне күрделі жөндеу жұмысына ЖБ – 5 млн. теңге көлемінде сметалық жоба дайындалуда. 
«Жалпақтал балалар өнер мектебі» 2017 жылы жұмысын бастады. Мекемеге жергелікті бюджеттен 3 млн. 600 мың теңге қаржы бөлініп, домбыра, қобыз, сыбызғы, тай тұяқ, саксафон, флейта, саз сырнай, компьютер, монитор, процессор, принтер, «Қыз Жібек» термешілерге ұлттық киім алынды. Сонымен қатар баян және ұлттық киімдерге жергілікті бюджеттен 1 млн. 500 мың теңге бөлінген.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 193 баланы (10 мұғалім, 3 мед.қызметкер) жолдау мақсатында 8 млн. 152 мың теңге қаражат бөлінді, өз қаражаты есебінен               167 бала (11 мұғалім, 3 мед.қызметкер) және 35 мұғалім көрмені тамашалап келді. Сонымен қатар «Аджип Қарашығанақ» демеушілігімен 7 баланы жіберу жоспарда.
Аудандық 4 жазғы демалыс лагерлерінде (Алау, Ақпәтер, Ақкөл, Қайыңды) 804, мектеп жанындағы демалыс лагерлеріне жалпы саны 3570 оқушы және күндізгі лагерьге (ыссы тамақ ұйымдастырылмаған) 350 оқушы тартылды. Сонымен қатар облыстық «Дарын» мәдени танымдық лагеріне - 10 оқушы, «Евразия» туристік – сауықтыру лагеріне – 10 оқушы, «Самал» туристік лагеріне – 15 оқушы, жалпы – 35 оқушы демалып келді. 04.07-18.07.2017 жыл уақыт аралығында Адриатикалық теңіз жағалауындағы Чезенатико қаласында (Италия) балалар үшін жазғы сауықтыру демалысына Казталов ауданынан 2 оқушы жолданды.
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (Астана қаласы) ұйымдастыруымен Тереңкөл ауылдық округі Ащыөзек өзені жағасында клуб балаларына арналған жазғы балалар далалық (шатырлы) лагеріне Бірік, Тереңкөл ОЖББМ 2 жетекші 12 оқушы және БҚО, Атырау облысынан оқушылар келіп қатысты. Барлығы 4773 (99,5%) оқушының жазғы демалысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Білім беру бөлімінің қамқоршы және қорғаншы органының жұмысы туралы.
Казталов ауданы бойынша қорғаншылық, қамқоршылық және патронаттық тәрбиеде 38 бала есепте тұр, соның ішінде  қорғаншылық-қамқоршылық 32 бала (Бостандық ауылы-3 бала, Әжібай-2 бала, Нұрсай-3 бала, Мереке-2 бала, Болашақ-4 бала,  Аққурай-2 бала,  Жалпақтал-1 бала, Казталов-6 бала, Қоныс-1 бала, Қараоба-1 бала, Ақпәтер-1 бала, Сатыбалды-1 бала,  Қараөзен-2 бала,  Жас-1 бала, Көктерек-1 бала, Талдыапан – 1 бала ), патронаттық тәрбиеде 6 бала (Жалпақтал-1 бала, Қошанкөл-2 бала, Қараоба-1 бала, Талдықұдық-2 бала) тәрбиеленуде. 2017 жылдың басынан бастап, 2 бала кәмелетке толуларына байланысты, есептен шықты.
Қорғаншылық пен патронаттық тәрбиедегі кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы тексерілді. Казталов ауданы бойынша  9 баланың жәй-күйі зерделеніп, ата-анасымен кездесілді. Тексерістің қорытындысы бойынша балалар жақсы тәрбие алуда. Жалпы барлық отбасындағы жағдайлары қанағаттанарлық. Киім-кешектері, оқу құрал жабдықтары түгел бар. Ай сайынғы төленетін жәрдемақыларын уақытылы алып отыр. Қамқоршылар (патронаттық тәрбиешілер) балалардың киім киістеріне, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарайды. Қамқоршылар балаларға толыққанды жағдай жасап отыр. Ауданның әр мектептерінде оқитын патронаттық тәрбиедегі және қамқоршылықтағы балалар өз мектептеріндегі әлеуметтік педагог, психологтардың үнемі бақылауында тұрады.