Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2018" республикалық конкурсына қатысыңыздар!

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы     № 523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді.
Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауданның барлық кәсіп иелерін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдерін жергілікті уәкілетті орган қағаз және электронды тасығышта қабылдайды. Өтінімдерді қарастыруды аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясының қорытындысы бойынша жинақталған құжаттар облыстық, одан кейін облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясы қорытындысы бойынша республикалық комиссияға жолданады.
Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай аталымдар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".
Бұл аталымда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".
Бұл аталымда  еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
"Үздік ұжымдық шарт".
Бұл аталымда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
"Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл аталымда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:
1) өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін.
Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан,Казталов ауданы әкімдігі сайтынан немесе Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: Казталов ауылы, Шарафутдинов  көшесі, №23 А үй, 2 бөлме, байланыс телефоны 8(71144)31843; эл. мекен жайы: sobeskazt@mail.ru  бойынша алуға болады.