Мердігер «Қуан Құрылыс» ЖШС-мен Қараөзен және Жалпақтал ауылдық округіне қарасты Автобаза, Құлақ Ғайса, Жиеш бөгеттерінің опырылу құрылымын  және Үлкен Өзеннің тарамдарының жағалауын жөндеу оған қоса қайта жаңғырту,  бекіту жұмыстары атқарылды.
Аудандық маңызы бар 464 км автожолдарын 2015 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары мердігер «Дорремсервис» ЖШС-мен жүргізілді.         

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Казталов-Сервис» ЖШС-мен аудан бойынша 2015 жылы жалпы құны 25 151,0 мың теңге Казталов ауылында 2, Жалпақтал ауылында 2, барлығы 4 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.     Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары есебінде тұрған әр түрлі категориядағы 14 азаматтарына тұрғын үй берілді. 

Казталов МКК-мен  Кіші өзеннен Казталов ауылындағы Қарасу тоған суы мен бөгетке, Әжібай, Беспішен, Үлкен өзеннен Болашақ  және Жаңатаң ауылдарындағы  бөгетке  жергілікті бюджеттен бөлінген 4 543,0 мың теңге қаражатқа су айдалды.

Қайынды, Көктерек, Ақпәтер, Жаңажол, Қарасу ауылындағы Таза су қоңдырғыларының құрал жабдықтарын ауыстыру жұмыстарына  6 000,0 мың теңге қаражатқа  жүргізілді.