Ауданда шағын бизнес саласында шағын кәсіпкерліктің 1297 субъектілері, 58 заңды тұлға, 1239 жеке тұлға тіркеліп, соның ішінде 52 заңды тұлға, 1177 жеке тұлғалар жұмыс жасауда немесе тіркелгендердің 94,7 пайызын құрайды. Олар 2018 жылдың 1 сәуір айына жергілікті бюджетке 12460,0 мың теңге түсім түсіріп отыр.

2018 жылдың 6 сәуірінде №14 (8419) ауданымыздың қоғамдық-саяси газет бетінде «Мемлекеттік гранттар беру шарттары» атты мақала Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 940 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының мемлекеттік гранттар беру туралы шарттарының толық мәліметі жарияланған болатын.

Аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлік негіздерінде оқыту курстары басталды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша 14 жоба мемлекеттік грантқа қатысуға ниет білдіріп, құжаттарын жинақтауда.
Ауданымызда мал сою алаңдарын салу бағытында Казталов ауылдық округінен «Шығанақ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Ж.Аксалов өз қаражаты есебінен 20,0 млн. теңге көлемінде санитарлық талаптарға сай мал сою алаңының құрылысын бастады, ал Жалпақтал ауылдық округінен «Жалпақтал» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Догоров Дархан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша 19,7 млн. теңгеге түгел құжаттарын тапсырып келісімін алып, өз жұмыстарын бастауда.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Жалпақтал ауылдық округіне қарасты «Асылхан» ЖК жетекшісі С.Мусагалиева екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толтыруға 5,0 млн теңге несие алды.