2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдайға аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласында 26 заңды тұлға, 590 шаруа қожалықтары тіркелген, ауылшарущылық құрылымдары өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 105,3 пайызға (2016 жылы – 10 заңды тұлға, 585 шаруа қожалығы)  өсіп отыр.
Ағымдағы жылы жалпы көктемгі егіс 419 га алқапта орналастырылды, егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 100,7%-ға өсті, атап айтқанда картоп және көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі 169 га, мал азықтық дақылдардың егісі 250 га құрайды, өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы - 416 га құрады, соның ішінде картоп – 21 га, көкөніс – 55 га, бақша – 90 га, екпелі шөп – 250 га.  
Аудан шаруашылықтары биылғы жылы 228 мың тонна көлеміндегі табиғи мал азығын дайындау жоспарын 220 мың тоннаға немесе 96,5 пайызға орындады (Бірік а/о – 115,0%, Қараөзен а/о – 106,8%, Ақпәтер а/о – 101,3%, Талдыапан – 100,8%, Жаңажол а/о – 100,0%, Қайыңды а/о – 100,0%). Бүгінгі күні мал азығын дайындау жөніндегі меже биігінен шығу үшін тиісті жұмыстар жалғастырылып жүргізілуде, орақ науқанына 326 трактор, 500 орақ қатысуда.
Есепті мерзімге  шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 81939 басты құрайды, яғни 2016 жылдың сәйкесті мерзімімен салыстырғанда 109,5%, қой мен ешкі – 294305 басқа жетіп, тиісінше 104,5%, жылқы – 23817 бас (112,5%)  және құс бас 15617 бас (100,7%) өсті, түйе – 188 басты құрап, 93,1% кеміді.
2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдайға 6325  тонна ет (тірілей салмақта), 17927 тонна сүт, 336 тонна жүн, 2030 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері бойынша өсімі қамтамасыз жасалды  (ет – 101,9%, сүт – 101,7%, жүн – 107,4%, жұмыртқа – 101,8%).
Төрт түлік малдан төл алу көрсеткіштері бойынша да өсім бар, атап айтқанда 25818 бас бұзау, 113207 бас қозы, 20799 бас лақ, 6272 құлын, 19 бас бота алынып, өсім тиісінше бұзау – 112,5%, қозы-105,5%, лақ – 103,9%, құлын – 108,9%, бота – 105,6% құрады.     
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (әрі қарай - Бағдарлама) жүзеге асыруға ауданның ауылшаруашылық құрылымдары белсене қатысуда.
Бүгінгі күні Бағдарлама игілігін 353 ауылшаруашылық құрылымдары пайдалануда.   Ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілері өткен жылы бағдарламаның 11 бағыты бойынша 607,1 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қолдау қаражатқа ие болды. Биылғы жылы да аудан бойынша 353 шаруашылық 630,5 млн теңге көлемінде мемлекет тарапынан субсидидияланады деп күтілуде. Осы жылдың өткен мерзімі ішінде ауданның ауылшаруашылық құрылымдарының 383,3 млн теңге көлемінде субсидия алу үшін берген өтінімдері бойынша тиісті құжаттары қабылданып, басқармаға жолданды.
Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздықты азайту, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында «Береке» несиелік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы мүйізді ірі қара малын бордақылаумен айналысатын 2016 жылы – 2, 2017 жылы - 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері (АӨК) жаңадан құрылды. Әр кооператив мүшелерінің саны 20 адамнан асып, селекциялық-түрлендіру және мал бордақылаумен айналысуда. Бүгінгі күнге аудан бойынша есепте тұрған 21 ауылшаруашылық кооперативінің құрамына 1468 тұрғын мүшелікке енген, онда 7236 бас ірі мүйізді қара, соның ішінде 6712 аналық мал тіркелген.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «Береке» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалына 51 жеке тұлғаның 177 млн 400 мың теңге несие алуға берген өтінімдері түсті, соның ішінде 48 адамның өтінімдері бойынша 154 млн 400 мың теңге несие берілді, 2 жеке тұлғаның 21 млн 900 мың теңге алу үшін құжаттары мақұлданды, 1 адамның 1 млн  100 мың теңге көлемінде несие алуға берген өтінімдері қаралу сатысында.  
Сонымен қатар,  «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша «Жалпақтал» АӨК (төрағасы – Д.Догоров) - Жалпақтал ауылында, «Шығанақ» АӨК  (төрағасы– Ж.Аксалов) - Казталов ауылында қуаттылығы – тәулігіне 10-15 бас соятын тоңазытқыш көлігімен қамтылатын мал сою пунктін салу үшін  жұмыстануда.
Казталов ауданы облысымыздағы асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша аса бағалы тектік тұқымдық қоры бар, етті бағыттағы «Қазақтың ақбас» және «Герефорд» тұқымды ірі қара, етті-майлы бағыттағы «Еділбай» тұқымды қой, «Көшім» тұқымды жылқысы бар ірі аграрлы өңірлердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта аудан бойынша  асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 9 шаруашылық (1012 бас), қой өсірумен 2 шаруашылық (3451 бас) және жылқы өсірумен 3 шаруашылық (1031 бас) айналысады
Ағымдағы жылы «Сыбаға» , «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша  12 шаруашылық 136,1 млн теңге несие алуға қол жеткізді, осы қаражатқа 16 бас өндіргіш бұқа, 492  бас ірі қара аналығы, 400 бас саулық, 3 бас айғыр, 80 бас байтал сатып алынды. Бұл бағдарламалар бойынша өткен жылдың сәйкесті мерзіміне 19 шаруашылық несиеге алған 214,1 млн теңге қаражаттарына 29 бас өндіргіш бұқа, 602 бас ірі қара аналығы, 40 бас қошқар, 1643 бас саулық, 18 бас айғыр, 220 бас байтал сатып алған болатын. Көрсеткіштің төмендеу себебі – Бағдарламаны іске жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес несиелердің пайыздық мөлшері 6-7 пайыздан 14-19 пайызға дейін өсуіне байланысты агроқұрылымдардың қызығушылығының төмендеуінен болып отыр.
Ауылдық округтерде жеке тұрғындардың ірі қара малын қолдан ұрықтандыру мақсатында 9 қосын жұмыс істейді.   
Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 30 трактор, 14 түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, соның ішінде шаруа қожалықтары 11 трактор және 10 түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг арқылы алып, өздерінің машина-трактор паркін жаңартуға қол жеткізді.  
Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағдарламалар мен технологияларды өндіріске енгізу бағытындағы осындай мақсатты шараларды тиісті деңгейінде жалғастыра беретін болады.