І. Казталов ауданында 2019 жылдың 9 айы бойынша қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің талдау ақпараты

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15 -бабының 10 - тармағына сәйкес аудан әкімі аппараты, аудандық дербес бөлімдері мен ауылдық округтерінде қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізілді.

2019 жылдың 9 айы мерзімінде аудан әкімі аппаратымен, дербес бөлімдерімен және ауылдық округтермен 885 (807 - жеке, 78 - заңды тұлғалардан) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.

(2018 жылдың 9 айы бойынша 603, оның ішінде 586 - жеке, 17 –заңды тұлғалардан, яғни 31,86%-ға көбейген) (1 - кесте).

 

1- кесте

2018 және 2019 ж.  9 айында түскен өтініштер саны

 рисунок

Соның ішінде өтініштердің келіп түскені:

  • 476 (53,8%) - аудан әкімі аппаратына
  • 230 (25,9%) – ауылдық округ әкімі аппараттарына,
  • 179 (20,2%) – бөлімдерге.   ( 2 - кесте).

 

2- кесте

рисунок

Жалпы 2019 жылдың 9 айында келесідей мәселелер  бойынша өтініштер көптеп келіп түсті:

  • 342 (38,6% ) жұмыс және әлеуметтік мәселелері;
  • 215 (24,3% ) тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселері;
  • 165 (18,6% ) жер қатынастары;
  • 23 (2,6% ) білім;
  • 21 (2,37% ) қаржы;
  • 21 (2,37% ) ауыл шаруашылығы;
  • 20 (2,26%) халықтың тұрмыстық мәселелері;
  • 16 (1,8% ) денсаулық сақтау;
  • 15 (1,7% ) құрылыс;

(өзге салалар бойынша 15 өтініштен төмен)

Ағымдағы жылдың басынан келіп түскен өтініштерді негізгі түрлеріне сәйкес бөлетін болсақ: 

  • 812 (91,75% ) - арыздар;
  • 54 (6,1% ) – ұсыныстар;
  • 12 (1,36% ) – сауал;
  • 7 (0,8% ) - шағымдар құрайды (3 - кесте).

 

3 - кесте

 

 рисунок


 

ІІ. Казталов ауданы әкімінің аппаратына 2019 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат

 

Казталов ауданы әкімінің аппаратына 476 (441-жеке, 35-заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде 438 арыз, 6 шағым, 28 ұсыныс, 4 сауал.

Түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 25, заңға сәйкес түсінік берілді – 320 өтініш, 1 - тоқтатылды, 112 өтініш қарау үшін жолданды, 19 - қаралуда.

2019 жылдың 9 айы көрсеткіштерін 2018 жылмен салыстырғанда өтініштердің саны 49,8%-ға немесе 237 ұлғайғаны байқалады (2018 ж. 9 айында – 239 өтініш тіркелген).

         Жалпы 2019 жылдың 9 айында келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті :

  • 163 (34,24%) тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері;
  • 147 (30,88%) жұмыс және әлеуметтік мәселелері;
  • 79 (16,6%) жер қатынастары;
  • 16 (3,36%) халықтың тұрмыстық мәселелері,
  • 20 (4,2%) экономика және қаржы;  
  • 9 (1,89%) ауыл шаруашылығы;

 (өзге салалар бойынша 9 өтініштен төмен)

Сонымен қатар, қөрсетілген мерзімде аппаратқа қазақ тілінде 440 өтініш және орыс тілінде 36 өтініш келіп түсті.

2019 жылдың 9 айы бойынша аудан әкімі аппаратында мерзімі бұзылып орындалған өтініштер орын алған жоқ және жоғары тұрған мемлекеттік мекемелерден бақылауға қойылған өтініштер бойынша ақпарат мерзімінде жолданды. Аппаратқа түскен өтініштер уақытылы ЭҚАБЖ бағдарламасына тіркеліп, мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне жауаптары жолданып отыр.

2019 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және өтініштерді қарау бойынша жауапты мамандар қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және қарау бойынша отырыс өткізілген болатын. Сонымен қатар, әр аптаның бейсенбі күні аудандық дербес бөлімдер басшыларымен және жауапты мамандармен бақылауда тұрған құжаттардың, өтініштердің орындалу барысы және орындаушылардың атқарушылық тәртібі қарастырылады.

 


ІІІ. Аудандық бөлімдерге және ауылдық округтерге 2019 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат

 

Ауданның ауылдық округтерінде ағымдағы жылдың басынан 230 (223 - жеке, 7 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде 229 арыз, 1 сауал.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 41 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді – 141 өтініш және 47 өтініш қарау үшін жолданды, 1 қаралуда.

Аудандық дербес бөлімдерге 179 (143 - жеке, 36 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде 145 арыз, 1 шағым, 26 ұсыныс, 7 сауал.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 9 өтініш, 167 өтінішке заңға сәйкес түсінік берілді және 3 өтініш қаралуда.

Көрсетілген мерзімде ауылдық округтерде 228 өтініш қазақ тілінде, 2 өтініш орыс тілінде келіп түссе, ал аудандық бөлімдерге 141 өтініш қазақ тілінде, 32 өтініш орыс тілінде және 6 өтініш екі тілде (қазақ тілі-орыс тілі) тіркелген. Өтініш берілген тілде жауап берілмеген өтініштер болмады.

ІV. «АШЫҚ ӘКІМДІК» шарасы туралы ақпарат

Казталов ауданы бойынша 2019 жылдың 9 айы бойынша Казталов және Жалпақтал ауылдарында тұрғындарға арналған «АШЫҚ ӘКІМДІК» шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шараға аудан әкімі және салалық мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 2019 жылдың 9 айында Казталов ауданы бойынша аудан әкімі, аудандық бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысуымен 10 «Ашық әкімдік» шаралары ұйымдастырылды. Аудан әкімі «Ашық әкімдік» шарасы барысында 81 азамат қабылдады. Жеке қабылдауларда көтерілген мәселелердің көпшілігі жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек сұрағандар 29 адам (36%), тұрғын үй мәселесі бойынша 21 адам (26%) , жұмыс мәселесі - 17 адам (21%). Азаматтарды қабылдау барысында ауызша түсініктемелер 34 азаматқа берілді, 7 азаматтың мәселері қанағаттандырылды, 40 мәселе бақылауға алынып, жазбаша жауаптар берілді. Қабылданған азаматтарға қабылдау парақшалары толтырылып, ЭҚАБЖ бағдарламасына тіркеліп, бақылауға қойылды. «Ашық әкімдік» барысында аудан әкімі қойылған сұрақтарға жауап беріп, тиісті шараларды қабылдау үшін сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Аудан әкімінің ауылдық округтердің елді мекендерінде «ашық есік» күндері жиындарының  кестесі бекітіліп, қабылдаулар жүргізілді. «Ашық әкімдік» шарасының көпшілігі аудан орталығында және Жалпақтал ауылында өткізілді.  «Ашық әкімдік» шараларына аудандық бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысып, өз салалары бойынша қабылдау жүргізіп, қабылданған тұрғындарға көтерілген мәселелер бойынша ауызша жауаптары берілді. «Ашық әкімдік» шарасы бойынша мақала аудандық «Ауыл айнасы» газетінің Facebook парақшасына фотосуреттермен бірге  жарияланды.

VІ. 2019 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарына талдау жүргізу

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.

2019 жылдың 9 айында аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы  278 азаматты жеке қабылдаған. Аудан әкімінің қабылдауында 251 жеке тұлға болды. Барлық түскен өтініштердің жалпы санымен салыстырғанда аудан әкімінің жеке қабылдауында тіркелген өтініштер 90,3% құрайды.  (6 кесте)

6 кесте

Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы жөнінде 2017 жыл бойынша ақпарат

 

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның

Т.А.Ә

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның лауазымы

Қабылданған адамдардың саны

Қабылданғандардың  ішінен:

Мәселе оң шешілді

Мемлекеттік органдардың бөлімшесіне жіберілді

Түсіндірме берілді

Қаралуда

Есалиев А.Т.

Аудан әкімі

71

3

 

62

6

Шыныбеков А.А.

 

180

14

 

166

 

Зулкашев Р.М.

Аудан әкімінің  орынбасары

7

   

7

 

Бегжанов С.Ғ.

Аудан әкімінің  орынбасары

9

4

 

5

 

Мажитова З.И.

Аудан әкімінің  орынбасары

9

   

9

 

Исламбеков А.Ж.

Аудан әкімі аппаратының басшысы

2

   

2

 

Барлығы

278

21

 

251

6

 

Ауылдық округ әкімдері 63 азаматты, аудандық бөлім басшылары 16 азаматты  жеке қабылдаған. (7,8 кесте). Ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 12 оңды шешілген, 51 түсіндірме берілген. Аудандық бөлім басшыларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша барлық 16 өтінішке заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді. 

(7 кесте)

 

Аудандық бөлімдер

Білім беру бөлімі

Экономика және қаржы бөлімі

Жұмыспен қамту  және ӘБ бөлімі

Мәдениет, ТД, ДШ және спорт бөлімі

Ішкі саясат бөлімі

Жер қатынастары бөлімі

Кәсіпкерлік  және АШ бөлімі

ТҮ-КШ, ЖК және АЖ бөлімі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

Ветеринария бөлімі

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Аудандық бөлім басшыларының  жеке қабылдауында болған азаматтардың саны

4

-

-

-

-

-

1

-

1

10

16 ( Аудандық бөлім басшыларының  жеке қабылдауында болған азаматтардың саны )

Жалпы өтініш саны

26

15

20

9

2

53

10

32

10

2

179

 

8 - кесте

Ауылдық округтер

Ақпәтер а/о

Болашақ а/о

Бостандық а/о

Бірік а/о

Жалпақтал а/о

Жаңажол а/о

Казталов а/о

Көктерек а/о

Қайыңды а/о

Қараоба а/о

Қараөзен а/о

Қарасу а/о

Қошанкөл а/о

Талдыапан а/о

Талдықұдық а/о

Тереңкөл а/о

1.     

2.     

3.     

4.     

5.     

6.     

7.     

8.     

9.     

10.   

11.   

12.   

13.   

14.   

15.   

16.   

Ауылдық округ әкімдердің жеке қабылдауында болған азаматтардың саны

-

2

14

8

6

1

6

3

3

-

10

1

6

-

-

3

63 (ауылдық округ әкімдерінінің жеке қабылдауында

болған азаматтардың жалпы саны)

Жалпы өтініш саны

1

17

28

23

19

21

45

3

11

2

13

4

10

-

12

21

230