ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ӨТІНІШТЕРІ ТУРАЛЫ

Жүктеу: Казталов ауданы әкімі аппаратының 2017 жылдың 1 қаңтарына "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" есебі

Жүктеу: Казталов ауданы әкімі аппаратының 2016 жылдың 1 желтоқсанына "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" есебі

Аудан әкімі аппаратына 2015 жылы жеке тұлғалардаң  463 өтініш келіп тіркелді. Жыл басынан бері жеке тұлғалардың өтініштері басым бөлігі төмендегідей мәселелер  болды:

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша (тұрғын үй сұрау, тұрғын үйін жөндеп беру, жеке тұрғын үйіне коммуналдық жүйе өткізу) – 89 өтініш, 19,22 % құрап отыр. Өтініш иелеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп Заң талаптарына сәйкес жауаптары берілді. 

Аудан тұрғындарының жазған өтініштерінің өзекті мәселелерінің бірі бұл жұмысқа орналастыру. Жоғарыда көрсетілген мерзімге 77 өтініш жұмыс сұраған өтініштер немесе 16,63%  құрады.

Жер телімін сұрау және шаруа қожалықтарының жерін мемлекет  меншігіне тапсыру туралы өтініш саны – 235 болды, 50,75% құрап отыр. 
Аудандық мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясының атына мүліктерін жария ету туралы – 33 өтініш тіркелді,  7,12% құрады.
Жоғары тұрған органдардан – 10 өтініш тіркеліп, мерзімінде қаралып жауаптары берілді.

Кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратында жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілді. 2015 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 99 азамат болды.
Аудан тұрғындарынан облыс әкімінің блогына тіркелген 7 сұрақ және аудан әкімінің блогына түскен 6 сұрақ тіркеліп  аудан басшылығына жолданып, қаралып, нақты жауаптары берілді.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөліміне 2016 жылдан бастап әр тоқсан сайын тұрғын үй бағдарламалары және тұрғын үй берілетін жағдайлар бойынша ашық есік күндерін ұйымдастыруға тапсырма берілді.

Аудандық бөлім басшыларына салалары бойынша аудандық газетке «сұрақ-жауап» рубрикасын ұйымдастыру жүктелді.

Негізінен 2015 жылы аудандық газет бетіне аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімімен аудан тұрғындарының тұрғын үйге тіркелген кезегі жарияланды. Келесі жылы аудан басшылығының қатысуымен жергілікті БАҚ өкілдері және аудан тұрғындарының қатысуымен тұрғын үй мәселесі (кезекке тұру, кезекпен үй беру, кезексіз үй берілетін азаматтар санаты туралы), жұмыспен қамту мәселелері, шағын бизнесті және ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру (субсидиялау) мәселелері бойынша брифинг өткізу туралы тапсырмалар әзірленуде.