Казталов ауданының әкімі - Есалиев  Альберт Темірболатұлы

Описание: рисунок

1980 жылдың 1 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2009 жылы «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтының «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2001 жылдың тамызы мен 2002 жылдың қыркүйек айына дейін Переметный ЖОББМ мұғалімі.

2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың ақпанына дейін Переметный ЖОББМ директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

2005 жылдың ақпанын 2007 жылдың желтоқсаны аралығында Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы.

2007 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың қарашасы аралығында Зеленов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау  бөлімінің меңгерушісі.

2010 жылдың қараша-желтоқсан айларында Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы.

2010 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың желтоқсан аралығында Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2011 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамыры аралығында Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары.

2016 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың тамыз айына дейін Шыңғырлау ауданының әкімі

2019 жылдың 09 тамызында Казталов ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттары

Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=100009816217687

 

 
Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары - Зұлқашев Рүстем Мүлкайұлы

Описание: рисунокЗұлқашев Рүстем Мүлкайұлы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1989 жылы ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989-1997 жылдары «Орда» совхозында инженер-механик, бас инженер қызметтерінде бастаған.

1997-1999 жылдары Орда ауданы әкімінің орынбасары;

1999-2000 жылдары Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;

2000-2010 жылдары Орда ауылдық округінің әкімі;

2010-2012 жылдары Бөкей ордасы ауданының аумақтық инспекциясының бастығы;

  2012 -2019 жылдары Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың 1 наурызынаң Казталов ауданы әкімінің орынбасары

 

Әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттары

Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=100034414516446

 

Аудан әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары - Мажитова Зәйлім Исатайқызы

Описание: рисунок1967 жыл Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген, білімі жоғары.
1989 ж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты бітірген, мамандығы - Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі
1989-1990 Қараөзен орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қараөзен ауылы
1990-1990 Ворошилов зауытының қоймашысы. Орал қаласы
1990-1992  Орал байланыс жатақханасының тәрбиешісі. Орал қаласы
1992-2001 Қараөзен орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қараөзен ауылы
2001-2012 Қараөзен мектеп-лицейінің директоры. Қараөзен ауылы
2012-2013 Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының уақытша міндетін атқарушысы,  Казталов селосы 
2013-2013 Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы. Казталов ауылы
2013-2013 Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы
2013 жылдың 21 тамызынан бастап Казталов ауданы әкімінің орынбасары

 

Әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттары

Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=100010590468114

 

Аудан әкімінің экономика, энергетика, құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары - Нұрғалиев Қадер Қадірәліұлы

Nurgaliev KНұрғалиев Қадер Қадірәліұлы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабының 1-тармағына,  30-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №267-өкімімен Казталов ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қадер Қадірәліұлы 1963 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қайынды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1986 жылы бухгалтер мамандығы бойынша Целиноград қаржы-экономикалық техникумын және 2001 жылы дене экономист мамандығы бойынша Алматы коммерциялық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Казталов аудандық қыржы бөлімінің экономисі болып бастаған;

1990-1999 жылдары аралығында Казталов ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында мемлекеттік салық инспекторы;

1999-2006 жылдары  аралығында Казталов ауданы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, комитет төрағасының орынбасары және салық комитетінің төрағасы;

2006-2010 жылдары Казталов аудандық экономика және бюджеттің жоспарлау бөлімінің меңгерушісі;

2010-2018 жылдары  Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

2018 жылдан бастап осы күнге дейін Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Жанұялы, отбасында жұбайы және екі қызы бар.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап аудан әкімі орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы – Ескендіров Есболат Жанболатұлы

Eskendirov EЕскендіров Есболат Жанболатұлы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабының 5-тармағына,  30-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы №224-ө өкімімен Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ескендіров Есболат Жанболатұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2007 жылы заңгер мамандығы бойынша Батыс Қазақстан облыстық инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық колледжін және 2012 жылы құқықтану мамандығы бойынша «Еуразия» академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан соттар әкімшісі Орал аумақтық учаскесі сот орындаушысы қызметінен бастаған;

2009-2015 жылдары Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында бас маман, жетекші маман;

2015-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында талдау және бақылау бөлімінде бас маман;

2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы;

2019 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Казталов аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.