Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазталов ауылдық округінің жастар ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында еркін күрестен ауданның ішкі біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов және аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушысы Мейрам Ғиляжев жас палуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс соңында жас палуандар алғыс хаттармен марапатталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат