7 желтоқсан күні Бостандық жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай «Тәуелсіздік залының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында сөз алған БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Ысқақова, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,-ел Тәуелсіздігін паш ететін игі істер жалғасын табуда.

Соның бір айғағындай мектепте елімізде тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарды бейнелейтін алып істердің көшірмелері көрініс тауып отыр,-деді. Шараға қатысушылар «Тәуелсіздік залын» аралап, үлкен әсер алды.
Айта кету керек осы «Тәуелсіздік залының» игілікке айналуына осы мектептің ұстазы Ахмет Қодаровтың көп еңбегі сіңген.
Шара соңы ауыл көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.
Әсем БОЛАТ