7 желтоқсан күні аудандық кітапханада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған «Тәуелсіздік мәңгілік ел – мақтанышым» атты әдеби-сазды кеш өтті.Кеш шымылдығы Қазталов орта мектебінің 4 сынып оқушыларының көрінісімен ашылды.

Кеште еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы бейнекөрініс көрсетілді. Сондай-ақ шарада ақиық ақын Мұқали Мақатаевтың өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыса, күмбірлете күй тартылып, әсем ән де шырқалды.

Шарада оқушылар жан-жақтарыңда ілініп тұрған қабырға қағаздарындағы суреттерге баға беріп, жеңімпаздарды анықтады.

«Ауыл айнасы» ақпарат