Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал ету мақсатында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу басталғанын хабарлайды.

Осыған орай, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша конкурсқа қатысу үшін өз үміткерлеріңізді ұсынуды сұраймыз.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі арнайы әдістемелік ұсынымдарды қосымшаға сәйкес жолдай отырып, әр номинация бойынша үміткерлердің материалдарын ағымдағы жылдың 6 сәуіріне дейін бөлімнің «sobeskazt@mail.ru» электронды мекенжайына ұсынуларыңыз қажеттігін қаперіңізге береміз.

Қосымша: Конкурсты өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар