Талдықұдық ауылдық округі

әкімінің кезектен тыс сайлауы

2020 жылғы 11 ақпан

 

  Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тылдықұдық ауылдық округ әкімінің кезектен тыс сайлауына төмендегі тізім бойынша үш кандидат тіркелгендігін хабарлайды:

1. Қажығалиев Нұрғали Баянғалиұлы, 1980 жылы туған, Казталов аудандық мәслихат аппаратының басшысы, Казталов ауылында тұрады;

2. Касимов Артур Бақтыгеерейұлы, 1986 жылы туған, Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қараөзен ауылында тұрады

3. Қазиуллин Ақжол Жасқайратұлы, 1990 жылы туған, Талдықұдық ауылындағы С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры, Талдықұдық ауылында тұрады.

 

Комиссия хатшысы                                          Р.Нурекешов

 


Талдыықұдық ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Нұрғали Баянғалиұлы Қажғалиевтың өмірдерегі

рисунокБатыс Қазақстан обылысы, Казталов ауданы, Әжібай ауылында 5 желтоқсан 1980 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Әжібай ауылындағы мектептің бірінші сыныбына қабылданып, осы мектептің екінші сыныбын тәмәнданған соң, Қошанкөл ауылына отбасымен қоныс аударуына байланысты Қошанкөл ауылындағы Ғали Бегалиев атындағы мектепте оқып, 1998 жылы осы мектепті бітірген.

Білімі: 2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 05.03.2005 - 01.03.2010 жыл Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, жетекші маманы, бас маманы.

01.03.2010 – 25.11.2011 жыл Казталов ауданы әкімі аппараты, ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

25.11.2011 – 03.07.2015 жыл Казталов аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы – заңгері.

03.07.2015 жылдан бастап Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

 

Талдықұдық ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер Нұрғали Баянғалиұлы Қажғалиевтың сайлауалды бағдарламасы

Талдықұдық ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер болып сайлауға түсе отырып округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының жақсаруына бар күш-жігерімді жұмсап жұмыстанатын боламын.

Атап айтқанда:

  1. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды соның ішінде елді-мекендерге денсаулық саласының жас мамандарын тарту, олардың орнығуына жағдай жасауға;
  2. Жастарды қоғамдық жұмыстарға тарта отырып, олардың белсенділігін, туған ауылдарына жаңашырлығын арттыру, бос уақыттарын тиімді де қызықты өткізулеріне;
  3. Аз қамтылған тұрғындаға мал азығын тсүруге жәрдем көрсету мен қатар нақты атаулы әлеуметтік көмектер тағайындау кезінде, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып тиісті шешім қабылдаған кезінде үнемі назарға аламын.
  4. Тиісті пайдаланылмай жатырған ауылшаруашылық жерлерге уақытында қайтаруын бақылап және тиімді пайдалануды ұйымдастырамын.
  5. Талдықұдық ауылындағы саябақты одан әрі қалпына келтіру, ауылды абаттандыруға;

 


 Талдықұдық ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Батыргерейұлы Артур Касимовтың өмірдерегі

KasymovКасимов Артур Батыргерейұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы ветеринар мамандығы бойынша Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Атырау облысы Махамбет аудандық аумақтық инспекциясында жетекші маман-ветинспекторы болып бастаған;

2010-2017  жылдары Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;

2018 жылдан бастап осы күнге дейін Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.

 

 

 

Талдықұдық ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Батыргерейұлы Артур Касимовтың сайлауалды бағдарламасы

Талдықұдық ауылдық округі әкіміне сайланған жағдайда Елбасының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен  «100 нақты қадам» ұлт жоспарын,  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтың міндеттерді, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде тиісті орындалуына,  округ тұрғындарының күнделікті  тыныс тіршілігін үнемі өз назарымда ұстап төмендегі мәселелерді шешуге жұмыстанатын боламын.    

  1. Округ тұрғындарының өтініш, талап-тілектеріне көңіл бөліп тиісінше орындалуына күш салуға;
  1. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға» 2017-2020 арналған бағдарламасын жүзеге асыруына қолдау көрсету.
  2. Аға ұрпақ өкілдерін құрметке бөлеп назардан тыс қалдырмау, ауылдағы қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстану.
  3. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спортпен айналысуына, бос уақыттарын тиімді өткізуге атсалысуға;
  4. Талдықұдық ауылдық округінде негізгі бағыты мал шаруашылығы, сол себепті шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың малдарының көбеюіне және сапалы ветеринариялық қызметтің қалыптасуына жұмыстану
  5. Округтегі елді-мекендерді абаттандыру, тазалық, көгалдандыру жұмыстарына үнемі көңіл бөліп отыруға;
  6. Талдықұдық ауылына дейінгі кіре беріс автокөлік жолы мен ауылішіндегі жолдарды көтеруге, жөндеуге жұмыстануға;
  7. Округ көлеміндегі суармалы жерлерге уақтылы су шығарып, тұрғындарды қысқы мал азығымен мүмкіндігінше қамтамасыз етілуне жұмыстануға;
  8. Барлық әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, олардың тұрғындар сұранысына лайықты жұмыс жасауларын ұйымдастыруға атсалысамын.

Бағдарламада көрсетілген мәселелерді орындауда үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, округ тұрғындарының өзге де тілектерін орындауға бар білімім мен күшімді саламын.

 


Талдықұдық ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Ақжол Жасқайратұлы Қазиуллиннің өмірдерегі

Kaziullin1990 жылы Казталов ауданы Қарасу ауылы Бостандық елді-мекенінде дүниеге келген. Білімі  Жоғары 2008-2013 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институттын оқып бітірген.

Мамандығы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Талдықұдық ауылы,  С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін метебінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде.

2016 жылдын қыркүйек айынан бастап С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін метебінде Тәрбие ісінің орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылдың  желтоқсан айынан бастап мектеп директоры қызметін, қазіргі күнге дейін атқарып келе жатыр.

 

Талдықұдық ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Ақжол Жасқайратұлы Қазиуллиннің сайлауалды бағдарламасы

Талдықұдық ауылдық округінің  әкімі лауазымына өткен жағдайда, осы кезеңге дейінгі алған білімімді  және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін  жақсартуға жұмсаймын.

  • Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жергілікті жерде жүзеге асыру.
  • Округ тұрғындарының өтініш, талап-тілектеріне көңіл бөліп тиісінше орындалуына күш салуға
  • Округ орталығына Хайруш елді-мекеніне көгілдір отын жеткізуге;
  • Орта мектепке күрделі жөндеу жүргіздіру. Білім сапасын арттыру.
  • Киров-Шежін каналы арқылы су келетін көбіктен ауылға таза ауыз су тарттыру.
  • Интернет желісінің орнатылуына жұмыстану.
  • Жас мамандарға арналған екі пәтерлі тұрғын үй салуға жұмыстану.
  • Округтегі елді-мекендерді абаттандыру, тазалық, көгалдандыру жұмыстарына үнемі көңіл бөліп отыруға. Қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, полигондарды реттеу.
  • Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спортпен айналысуына, бос уақыттарын тиімді өткізуге атсалысуға
  • Автожолдарды күтіп ұстау және күзгі қысқы мезгілде жол қатынасының лайықты болуын қамтамасыз ету.
  • Медицина қызметкерлерімен бірігіп халық денсаулығының жақсы болуына жұмыстану.
  • Ветеринариялық қызметті күшейту және мамандардың тұрақты түрде жұмыс істеуін қадағалау.
  • Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаға қатысуын күшейту және лизингке техника алуға жәрдемдесу.
  • Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алушылардың санын арттыру.
  • Еліміздің экономикасының дамуына, алға басуына барынша күш салу.