2020 жылғы 11 ақпанға Талдыкұдық

ауылдық округі әкімінің кезектен

тыс сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес Казталов ауданы әкімінің хабары негізінде Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Талдыкұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2020 жылғы 11 ақпанға тағайындалсын.

2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 13 қаңтар – 17 қаңтар күндері аралығында жүргізілсін.

Кандидаттарды тіркеу 2020 жылғы 18 қаңтар – 27 қаңтар күндері аралығында жүзеге асырылсын.

Сайлауалды үгіт жұмыстары 2020 жылғы 28 қаңтар басталып, 2020 жылғы 9 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 24.00-де аяқталсын.

3. Сайлау аудандық мәдениет үйі фойесінде 2020 жылғы 11 ақпан күні сағат 10:00 өткізілсін.

4. Талдыкұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

5. Осы қаулы Казталов ауданының әкімі мен Казталов аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

         

Казталов аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                       Н.Құтхожин