Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 13 тармағын басшылыққа ала отырып, жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ етеді:

1. Казталов ауылының Ю.Гагарина көшесіне Нұржанов Насекен Нұржанұлының есімін беру туралы ұсыныстар енгізіліп облыстық ономастикалық комиссияға жолданатындығын хабарлаймыз.