Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36-1 бабына сәйкес Казталов аудандық сайлау комиссиясының хаттамасын негізге ала отырып, Казталов аудандық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 5 қарашада өткізілген сайлау қорытындысын хабарлайды:

Тереңкөл ауылдық округінің әкімі болып Бақытжан Тольяттиұлы Мергалиев сайланды, 1986 жылы туған, ұлты қазақ, Казталов аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, Казталов ауылында тұрады.