Тереңкөл ауылдық округі әкіміне үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары

Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Мейіржан Сығайұлы Букеевтың өмірдерегі

Bukeev1988 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Беспішен селосында дүниеге келген. 

Білімі жоғары. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген. Мамандығы – ветеринариялық дәрігер.

2010-2011 жж ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясында мемветсанинспектор;

2011-2012 жж Казталов аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы;

2012-2013жж Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;

2013жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Казталов аудандық ветеринариялық станциясының маманы қызметін атқарып келеді.

       

Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Мейіржан Сығайұлы Букеевтың сайлауалды бағдарламасы

Осы  сайлауға  үміткер  ретінде  тіркеле  отырып  өзімнің  алдағы  атқарылар  жұмыстарымның  басты  бағыттарын  төмендегіше  атап  көрсетемін.

  • Ауыл  ішіндегі автомобиль жолдарын биіктету.
  • Тұрғындардың салауаттық  өмір  салтын  қалыптастыру бағдарламаларын  іске  асыру және  сол  бағытта округ  орталығында шағын спорт залын салу, бұқаралық спортты дамыту;
  • Тұрғындар сұранысына орай шағын наубайхана салу;
  • Ауыл тұрғындарын  көкөніспен толық  қамтамасыз ету бағытында бақша шаруашылығын дамыту.
  • Шиномонтаж, автокөлік жөндеу шеберханаларын ашу;
  • Қоғамдық монша салу;
  • Ауыл тұрғындарының малдарын аcылдандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру;
  • Округтегі түрлі  қоғамдық  ұйымдардың  жұмысын  одан  әрі  жандандырып, ауылымыздың  мәдениет  саласын  дамытуды  көптеп  қолға  алу.
  • Мемлекеттік бағдарламалар бойынша  ауылдағы  жұмыссыздық  деңгейін  азайту  мақсатында  жұмыссыздарды  кәсіптік  оқуларға  жіберу, өз  кәсіптерін  ашуға  ықпал  жасап,  көмектесу.

 



Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Сабыржан Миржанұлы Ищановтың өмірдерегі

Ishanov1988 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы  Нұрсай ауылында дүниеге келген.

2005-2010 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

2008-2012 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі және ЭЕМ операторы қызметіне қабылданды.

2012-2014жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгер қызметіне уақытша ауыстырылды. 2014-2015 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2015-2017 жылдары аралығында Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі директоры, 2017-2018 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі директоры қызметінде. Отбасылық жағдайы үйленген, 3 ұлы бар.

 

Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Сабыржан Миржанұлы Ищановтың сайлауалды бағдарламасы

Тереңкөл округі әкімі қызметіне үміткер ретінде өз бағдарламамды ұсынамын:

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында туындайтын мәселелерді, көрсетілген міндеттерді округ ішінде кеңінен насихаттап және іске асуына үздіксіз жұмыстану басты мақсатым деп санаймын.

- Тереңкөл ауылдық округінде ауыл экономикасының дамуына, ауыл халқының тұрмыс тіршілігін көтеру, мәдениет және халықтың  салауатты өмір салтын ұстану бағытында жұмыстар атқару, ауыл жастарына қолдау көрсету бағытындағы атқарылатын жұмыстарымның бағдарламасы:

- Ауыл ішінде орналасқан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және жаңадан ашылуына ықпал жасау арқылы жаңа жұмыс орындарымен халықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстану.

- Мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, мал тұқымын асылдандыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру, «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтарымен бірлесе жұмыстар жүргізу және қолдау.

- Ауылдық аймақтағы ауылшаруашылық саласын өркендету мақсатында төменгі пайыздық несиелік бағдарламалар қарастыруға, ауылымыздан түлеп ұшқан беделді және дәулетті азаматтармен «Туған жер» бағдарламасы аясында округтің өркендеп дамуына, мәдени  спорттық іс-шараларға демеушілік жасауға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға демеушілік жасауға тікелей ықпал ету.

- Ауылдардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының, көпбалалы аналардың мұң-мұқтаждарын үнемі назарда ұстау мақсатында құзырлы органдарға өткір мәселелер қойып, шешімін табуына, ауыл жастарының қолы бос уақытында мәдени қоғамдық жұмыстармен, спортпен шұғылдануына, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тартуға ықпал ету.

- Ауыл ішіндегі жиналған күл – қоқыстардан тазарту және болашақта олардың уақтылы шығарылып тұруына ықпал жасау, ауыл сыртындағы төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, санитарлық- тазалық жұмыстарын жүйеге келтіріп, үнемі назарда ұстау.

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында округ аумағында көгалдандыру, көшеттер отырғызу  және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, саябақ және шағын субұрқақ жасау, осы жерлерді халықтың мәдени демалыс орындарына айналдыру;

- Ауылда учаскелік полиция қызметкері мен ақсақалдар алқасы және қоғамдық ұйымдар мүшелерімен бірлесе отырып, жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, қоғамдық тәртіптің сақталуын, ауылдардағы көше тазалығына мән беру.

- Округте бұқаралық спорттың дамуына ықпал жасау, спортпен шұғылданатын ауыл тұрғындарының санын арттыру және оларға барынша жағдай туғызу.

- Ауылдық округ аумағындағы бір қатар мемлекеттік мекемелерді (балабақша, әкімшілік) қажеттілігіне қарай бюджет есбінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізу.

- Округ аймағындағы қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар атқару және олардың жұмысын үйлестіру бағытында тікелей көмектер көрсету, жергілікті жастарды, әсіресе оқу бітіріп келген жас мамандарды тұрақтандыру, жұмыспен тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету барысында бірлесіп жұмыстар жүргізу.

Ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бағдарламалар мен атқарылатын жұмыстардың Тереңкөл ауылдық округінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындарымен бірлесе, өзімнің білімім мен  тәжірибемді пайдалана отырып, ауылымыздың көркейіп дамуына аянбай еңбек ететін боламын.

 



Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Бақытжан Тольяттиұлы Мергалиевтың өмірдерегі

Mergaliev1986 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы – инженер.

03.2008-06.2008 ж.«Регул Телеком» ЖШС-нде монтажник, Алматы қаласы

01.2011-09.2013 ж. аудан әкімі аппаратының статист маманы, Казталов ауылы

09.2013-06.2018 ж. аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі  бөлімінің бас маманы

2018 маусым айынан бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

 

Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Бақытжан Тольяттиұлы Мергалиев сайлауалды бағдарламасы

Құрметті жерлестер, құрметті мәслихат депутаттары! Сіздердің қарауларыңызға ауылдық округтің әкіміне кандидат ретінде өзімнің әзірлеген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Менің бағдарламамның тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, Президентіміз Қ.Тоқаев ұсынған жолдауына, "Нұр Отан" партиясының ұстанған бағыты мен сайлауалды түйіндемесіне, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келеді.

Тереңкөл ауылдық округінде атқарылатын жұмыстарымның негізгі бағыттары:

- ауылдың жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметі, бюджет қаражаты шығыстарының басымдылығы туралы мәселелерді қоса ауылдық округтің ең өзекті мәселелерін белгілеу мен шешуге тұрғындарды тарту;

- ауылдық округтің санитариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, соның ішінде қордаланған күл-қоқыстарды шығару, жол қатынасы мәселелерін шешу, Нұрсай, Мереке мен Беспішенде көше жарығымен қамтылуын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, округ тұрғындарының санасында құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру;

- мемлекеттік бағдарламалар қызметінің тиімділігін арттыру, ел ішінде түсіндіру жұмыстары арқылы тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуына тартуды жандандыру;

- округ қызметінің негізгі бағыты мал шаруашылығын одан әрі дамыту, дамыған ірі шаруашылықтардың бизнестің басқа түрлерін ашуға ықпал жасау, сол арқылы жаңа жұмыс көздерін ашу;

- Казталов-Жәнібек күре жолы бойында жол-сервистік қызметтерді дамыту бағытында кафе, дөңгелек жөндеу, автожуу, жану жағармай бекеттері секілді жаңа нысандардың ашылуына араласу;

- келіп жеткен оптикалық кеңжолақты интернет арқылы жергілікті халықтың цифрлық сауаттылығын, білім беру ұйымдарында оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жаңа тәсілдердің енгізілуіне ықпал жасау;

- жастар мен ересек халықтың мәдени сауығуын ұйымдастыру, спорт пен салауатты өмір салтын дамыту, әлеуметтік әлсіз топтар және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, көмек күшін жұмылдыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына тарту, оқытуға жәберу бағытында жұмыстану;

- жалпы алғанда азаматтардың әл-ауқатын, мәдени сала және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Тереңкөл ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, сындарлы және жемісті ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Құрметті ауыл тұрғындары және аудандық мәслихат депутаттары! Сіздердің сенімдеріңіз бойынша ауылдық округ әкімі болып сайланған жағдайда ауылдың ақсақалдарымен, жергілікті қоғамдастықпен, ауданның қоғамдық ұйымдарымен, аудандық мекеме-кәсіпорын басшыларымен, мәслихат депутаттарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, барлық өзекті мәселелерді оңды шешу барысында қоян-қолтық жұмыс жасаймын деп сендіремін.