Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес  мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде жер комиссиясының қорытындысы бойынша, шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 10 жылға дейін мерзімге жер учаскесін беру нәтижелері:

  • 1 лот бойынша Ақпәтер ауылдық округіне қарасты жалпы ауданы – 1000,0 га жер учаскесіне конкурстық өтінімдер түспеуіне байланысты өткізілмеді деп танылды және Жер кодексінің 43-1 бабында көзделген тәртіппен және мерзімде қайта конкурс өткізіледі.
  • 2 лот бойынша Болашақ ауылдық округіне қарасты жалпы ауданы – 800,0 га жер учаскесіне конкурстық өтінімдер түспеуіне байланысты өткізілмеді деп танылды және Жер кодексінің 43-1 бабында көзделген тәртіппен және мерзімде қайта конкурс өткізіледі.
  • 3 лот бойынша Көктерек ауылдық округіне қарасты жалпы ауданы – 280,0 га, оның ішінде 188,4 га жайылым, 90,0 га шабындық, 1,6 га басқа жерлер жер учаскесінің жеңімпазы болып «Ару» шаруа қожалығының жетекшісі Даулет Маратович Ануаров анықталды.
  • 4 лот бойынша Көктерек ауылдық округіне қарасты жалпы ауданы - 250,0 га, оның ішінде 250,0 га жайылым жер учаскесінің жеңімпазы болып «Мақпозов» шаруа қожалығын жаңадан құрушы Мұратбек Әлібекұлы Мақпозов анықталды.