Ауданда 2018 жылы жұқпалы және паразитарлы аурулармен тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Топтасқан аурулар жағдайлары тіркелген жоқ.

16 турлі жұқпалы және паразитарлы аурулардың төмендеуіне қол жеткізіл- ді (энтеробиоз 75%, жіті респираторлық вирусты жұқпалар 24,9%, жіті ішек жұқпалары мен дерматомикоздар 1 жағдайға төмендеді). Эхинококкоз ауруы 3, созылмалы В вирустык гепатиті 2 жағдаймен қалды. Сонымен қатар ағымдағы жылы ауданда дизентерия 1 жағдайға, желшешек 1,1 ретке, скарлатина 3 ретке жоғарылап отыр.

Желтоқсан айының 1-нен тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалармен эпидемиялық кезең басталды. Тұмаумен эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аурушаңдылық 27,9% тө- мендеді. Барлығы жіті респираторлық вирусты жұқпалармен 575 жағдай тірке- ліп, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 1967,6 құрады (2017-2018ж.ж.-2609,4). Ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар, 42,3% құрап отыр. 2018 жылы тұмау ауруы тіркелген жоқ.

Тұмау және ЖРВЖ негізгі алдын алу шарасы вакцинация болып саналады, облыстық бюджеттен ауданға тұмауға қарсы 3064 доза вакцина алынды. Тұрғын- дардың 10%-ын тұмауға қарсы вакциналаумен қамтудың ұсынылған көрсеткіші орындалды, аудан бойынша барлығы 3327 адам вакцина алды, бұл аудан тұрғын- дарының 11,3%-ы. 2018-2019ж.ж. эпидкезеңде тұмаудың 3 штаммасы айналымда болады: A (H1N1)-Мичиган, A (H3N2)-Сингапур, сонымен қатар B-Колорадо, бұлар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен Қазақстанда қолда- нылатын вакциналардың құрамына енгізілді.

2018 жылы ауданда белсенді туберкулезбен аурушаңдылық былтырғы жылдың деңгейінде, белсенді туберкулездің 15 жағдайы тіркелді (2017ж.-15). 2018 жылы жасөспірімдер арасында туберкулездың 3 жағдайы тіркелді (2017ж.-2).

2016  жылдан бері ауданда екпеден бас тартушылар тіркелген жоқ.

Ауыз суды пайдалануға байланысты эпидемиологиялық асқынулар тіркел- меді. 2018 жылы су құбырларынан микробиологиялық көрсеткіштер бойынша     жалпы 202 және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 193 ауыз су сына- малары зерттеліп, қортындылары сәйкес екендігі анықталды.

2018 жылы жергілікті әкімдіктермен бірлесіп  орталықтандырылмаған ауыз су нысандарын бақылауға алу үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Аудан бойынша елді-мекендердегі барлық қоғамдық құдықтар есепке алынып, ауыз судың қауіп- сіздігін бақылау мақсатында мониторинг құрылып, микробиологиялық көрсет- кіштер бойынша жалпы 134 су сынамалары зерттеліп қортындылары сәйкес екен- дігі анықталды, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 134 ауыз су сына- малары зерттеліп, олардың 7 сынамасы немесе 5,2% сәйкес келмеді (жалпы кер- мектік, хлоридтер бойынша).

Басқармамен 2018 жылы 14 сату нысандарынан сатып алу жүргізілді. Са- раптамаға 178286 тенге соммасына  120 үлгі (2017ж-72) алынды, оның ішінде 94 (78,4%) тағам және 26 (21,6 %) өндірістік тобы.

Сараптама нәтижесінде, 120 үлгіден 21,6% (26 үлгі), (2017ж-72/14%) техни- калық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталды. Алынған 94 тағам өнімдерінен сәйкессіздік анықталған жоқ, ал 26 өнеркәсіп тауарларынан техника- лық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, таңба- да мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат, өнімнің атауы, дайындалу мерзімі, сақ- тау мерзімі, Кеден одағы мүшелер елдерінің біріңғай белгісі көрсетілмеген.

Ауданда  ерекше тәртіп бойынша 92 тексеріс жүргізілді, тексеріс   қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 90 әкімшілік құқықбұ- зушылық туралы шешім шығарылды, жалпы соммасы 2 млн.152 475 теңге. Мектеп асханаларында және мектеп жанындағы интернаттарда, жиі кездесетін кемшіліктер, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар толық алынбайды; ас-үй ыдыс аяқтарын жуу тәртіптері сақталмайды, сол себеп- терден алынған жұғындылардан ішек таяқшалары аңықталу фактілері тіркеледі; асхана қызметкерлері мерзімдік медициналық тексеріп қараудан толық және уа-қытылы өтпейді; мектептер және жанындағы асханалар, шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі құрал-саймандық және зертханалық зерттеуді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілмейді (жеке кәсіпкерлер жалға алған асха- налардан басқа).

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 87 ұйғарым берілді, инфек- циялық ауруды тарату қаупі бар 73 адам уақытша жұмыстан шектетілді.

 

Казталов аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы                                          Талғат Хайдаров