«Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос азаматтық қызметші лауазымдарын иеленуге ашық конкурс жариялайды

1. «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына (мекен-жайы: Казталов ауданы, Казталовка ауылы, Ихсанов көшесі № 4 – 1 бірлік, Лауазымдық айлықақысы атқарылған еңбек өтіліне және біліміне байланысты. (85000 теңгеден-120000 -ға дейін).

Лауазымдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық - шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, қабылданған стандарттарға сай келуін қамтамасыз етеді. Мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, мекеме қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру болып табылады.

 

2. «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар кеңесшісі- 1 бірлік (Лауазымдық айлықақысы атқарылған еңбек өтіліне және біліміне байланысты. (55000 теңгеден-70000 -ға дейін).

Лауазымдық міндеті: Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады. Жастардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру, шығармашылық, саласындағы қызметті іске асырады. Жастар бастамаларын, жобаларын іске асыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық фестивальдар, түрлі бағыттағы мазмұнды шаралар, жастарға кеңес,  мәдени – ойын-сауық іс-шараларын өткізу, жастар бірлестіктерін, бастамашыл және шығармашылық топтарды, жастар ұйымдары мен жастардың дамуына көмек көрсету және қолдау .

 

Білуге міндетті:  Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жастар саясаты туралы», «Еріктілер қызметі туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау», ҚР «Конституциясын», «ҚР Азаматтық кодексін», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім және мекеме бейініне сәйкес басшы лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мекеменің бейініне сәйкес 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Мемлекеттік басқару органы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейі. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Казталов аудандық ішкі саясат бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш;
  • Түйіндеме
  • Кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс-парағы;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Нотариуспен куәландырылған немесе өзге де белгіленген тәртіптегі білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Нотариуспен куәландырылған немесе өзге де белгіленген тәртіптегі еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • Белгіленген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама (№086-у)
  • Тұрғылықты не уақытша жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі
  • Соттылығы бар не жоқ екені туралы анықтама
  • 3х4 өлшемдегі екі фотосурет

 

Конкурсқа қатысуға ұсыныс берген үміткерлердң құжаттарын 5 жұмыс күн ішінде зерделенгеннен кейін аудандық ішкі саясат  бөлімі жанынан құрылған комиссия 3 жұмыс күн шінде қатысушылармен әнгімелесу жүргізеді.
Конкурсқа қатысты қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру аудандық «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға жіберілуі керек.

БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы,  Алма Оразбаева №23

Казталов ауданының ішкі саясат бөлімі.

Анықтама телефондары: 8(71144) 32-0-63, 40-0-90