18 тамыз күні «Достық» саябағында Бостандық ауылдық округінің өнерпаздарының «Туған жерімтүп қазығым,тұрағым» атты концерті өтті. Концерттік бағдарламада көркемөнерпаз мүшелері ән шашуларын орындаса, «Асыл әжелер» ансамблі көременнің құлағына етене таныс әндерді тұнық аспан астында әуелетті.

Осындай көрермендерді өзіне тарта білген бостандықтық өнерпаздарға Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағамбет Сағадденов тұрғындар атынан ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

«Ауыл айнасы» ақпарат