Ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы негізінде Казталов ауданының әкімдігі ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді, конкурс 2018 жылы 01 тамыз сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы Казталов ауылы, Ш.Шарафутдинов көшесі №1 мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурстарға түсетін ауылшаруашылығына тағайындалған
жер учаскелерінің тізімі

№ р/н

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 

Соның ішінде:

Бонитет
балы

Жалға беру мерзімі
(жыл)

жайылым

шыбындық

басқа жерлер

1

Талдықұдық а/о

1800,0

1722,0

67,0

11,0

11

10

2

Талдықұдық а/о

1800,0

1784,0

-

16,0

11

10

3

Бостандық а/о

500,0

498,0

-

2,0

14

10

4

Қараоба а/о

200

-

198,5

1,5

17

10

5

Қараоба а/о

200

16,5

181,5

2,0

22

10

6

Қараоба а/о

700

696,0

-

4

17

10

7

Талдыапан а/о

800,0

798,5

-

1,5

9

10

8

Қарасу а/о

1000,0

994,0

-

6,0

7

10

9

Ақпәтер а/о

1000,0

997,0

-

3,0

8

10

10

Қошанкөл а/о

1000,0

992,0

-

8,0

15

10

 

Барлығы:

9000,0

8498

447,0

55

 

 

Заңды тұлға болып табылатын жер учаскелерін беру туралы конкурсқа қатысушы келесі құжаттарды ұсынады:
Қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы; кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы; ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;
Жеке тұлғалар үшін:
Қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну; білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны. 
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі (06.07.2018) және конкурстық комиссия отырысын өткізуден үш күн бұрын – 2018 жылғы 29 шілдеде аяқталады. Қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылы Ж.Жабаев көшесі, №4 ғимарат «Казталов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 1 қабат, 1 кабинет жүргізіледі. Байланыс телефон: 8 (71144) 31089 
Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу жөніндегі  конкурстық комиссияның отырысы  2018 жылы 01 тамыз сағат 15.00-де  Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Ш.Шарафутдинов көшесі, №1 Казталов ауданы әкімінің мәжіліс залында.

Скачать: Конкурсную документацию