4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылықтарымыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні аудан орталығы Қазталовта мерекелік автошеру мен салтанатты шара өтті.

Мереке күні аудан орталығында белгіленген маршрутпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған мерекелік автошеру аудан орталығындағы басты көшелер арқылы өтті. Жастардың ұйымдастыруымен және аудан орталығындағы мекеме-кәсіпорын ұжымдарының қатысуымен өткен бұл шараға 45 автокөлік тартылды.
Мерекенің салтанатты шарасы «Достық» саябағында жалғасты. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орталық алаңға кіргізіліп, республиканың барлық өңіріндегідей бір мезетте , бір уақытта саябақ алаңында Мемлекеттік Гимн шырқалды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Абат Шыныбеков барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Мемілекеттік рәміздерімізді қастерлеу бәріміздің қасетті борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз бен жұртымыз аман болсын!- деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді ұлықтау және мемлекеттік мекемелер ішінде стандартқа сәйкес орнатқан мекеме басшылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП