Аудан орталығы жылдан-жылға жасарып, көркейіп келе жатқанына жұртшылықтың көзі жетіп отыр. Әсіресе, өткен жылдан бері ауылдың абаттандырылуына және тазалығына үлкен көңіл бөлінуде. Себебі шеттен келген сырт көз ауданның тынысын аудан орталығының келбетіне қарап танитыны белгілі.

Ендігі бір айтайық дегеніміз - Алма Оразбаева, Ихсанов, Қаби Жақып, Амангелді Имванов тағы басқа көшелерінде тұратын тұрғындардың Алма Оразбаева мектебінде оқитын балалар лайсаң уақыттарда мектепке тіке жолмен барған кезде қиналатын. 300 метрге жақын жаяу жүргінші жолы жасалынбағандықтан біршама жерді айналып жүретін. Соның шешімі табылды. Аудан әкімі Абат Абайұлының бастамасымен мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына орай мемлекеттік мекемелер ұжымдарының күшіменен мектепке тіке баратын жаяу жүргінші жолы жасалды. Жолға қажетті материалдар үнемделген және пайдаланылудан қалған құрылыс материалдары есебінен салынды.       
Осындай игі іске балалар да, олардың ата-аналары да жаңа оқу жылына келгенде қуанары сөзсіз.  


Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ