БЖЗҚға «Бірінғай жинақтаушы жинетақы қөры» Казталов ауданы бойынша салымшы ( алушылардың) жие қойылатын сурақтарына жуап.

Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?
Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда); 
- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.