Елбасымыздың Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілгендей елімізде бұқаралық және ұлттық спорт түрлері жылдан-жылға дамып келеді. Соның ішінде Қазталов ауданы спортшыларының соңғы жылдардағы көрсеткіштерін мақтанышпен айта аламыз.

Оны айтпағанда қасиетті Қазталов топырағында дүниеге келіп, барша алаштың атын асқақтатқан, бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің есімі көпке үлгі болмақ. Осындай жетістіктердің барлығы жастардың бұқаралық және ұлттық спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылықтарын оятатыны жасырын емес. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ауданымызда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Айбын» спорт клубы өз жұмысын бастап жатыр. Бұл клубтың мақсаты – аудандағы жастар арасындағы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту. – Жұмысымызды биылғы жылдың еншісіндегі спорттық шаралар жоспарынан бастап жатырмыз. Штаттық кестеге сай клубта 4 адам жұмыс жасауда. Алда үлкен жұмыстар мен жоспарларларымыз бар,- деді «Айбын» спорт клубының басшысы болып тағайындалған Берік Рахымғалиев. Ендеше, жаңадан жұмыстарын бастап жатырған «Айбын» клубының ұжымына сәттілік тілейміз! Қайрат ЖАҚЫП