Құрметті телекөрермен!

Қадірменді брифингке қатысушылар!

Ең алдымен Сіздерді алда келе жатырған Егемен еліміздің Ата заңы Конституция күнімен құқттықтаймын!

Өздеріңізге мәлім, Елбасы-Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы еліміздің өндірісін индустрияландыру, көлік-логистика саласын дамыту, құрылыс пен коммуналдық секторға көңіл бөлу  мақсатымен қатар, сапалы да саламатты қоғам құру, әлеуметтің әлеуетін арттыру секілді міндеттерді қоғамға жүктеп отыр.

Елбасы жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруін айқындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бекіткен болатын. Осы жоспардың негізгі мақсаты – Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын іске асырып, мемлекеттілігімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасақтау  осы міндеттерді жүзеге асыру тұрғындардың әл ауқатын арттыру, экономика  әлеуетін молайту мақсатында жоспарланған Казталов ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Үкіметімізбен қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру арқылы ауылдың өзекті деген мәселелері жүйелі түрде шешімін тауып келді.

Тек 2018 жылдың сегіз айында Казталов ауданында елді мекендердің әлеуметтік потенциалын арттыруға тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсаруға бағытталған жалпы құны 10,9 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба іске асуда. Оның ішіндежалпы құны 3,3 млрд. теңге болатын 9 жоба «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша (ауыз су, газ, үй құрылысы), 7,4 млрд. теңге болатын 3 жоба «Нұрлы жол» бағдарламасымен жүзеге асуда (жолдарды жөндеу) және жалпы құны 123 млн.теңге болатын 6 жоба (саз мектебі, спорт алаңы) сәтті жүзеге асуда.

 

БЮДЖЕТ

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың негізгі қызметі аудандағы тұрақтылықты сақтау арқылы өңір экономикасының одан әрі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2017 жылдың 1 тамызына аудан бюджеті 7,2  млрд. теңгені құраса, 2018 жылдың осы кезеніне аудан бюджеті 7,7 млрд. теңгеге жетті өткен жылмен салыстырғанда 106,2 % көп.

Соның ішінде өз кірісіміз 658,3 млн. теңге түсім түсті, яғни 126 пайызға орындалды.

Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2018 жылдың 7 айында – 1 801,2 млн. теңгені құрады (2017 ж. 7 айында – 2 363,0 млн. теңге) Соның ішінде:

-      Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласы - 831 млн. теңге;

-       ауыз сумен жабдықтау жұмыстары – 659,1 млн. теңге;

-      Тұрғын үй және жол салуға – 194,6 млн. теңге;

-      Білім саласы – 84,5 млн.теңге;

-      Денсаулық саласы – 10,0 млн теңге;

-      Мәдениет және спорт саласы – 22,0 млн. теңге;

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы қажеттігі туралы Елбасының жолдауында белгіленген болатын. Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі де осы мал шаруашылығына қатысты. Сондықтан барлық атқарар ісіміз осы ауыл шаруашылығымен байланыстырыла жүргізіліп келеді.

2018 жылдың 1 тамызына дейінгі жағдайға аудан бойынша ауыл шаруашылығы670 агроқұрылым жұмыс жасайды.

Ауданымызда қазіргі уақытта асыл тұқымды малмен айналысатын 11 (ірі қара 1539), 3 (1240 жылқы), 4 (3426 қой) шаруашылықтар бар.

Есепті мерзімге  шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 88 524 басты құраса, қой мен ешкі – 302 859 бас, жылқы – 24 256 бас, түйе 213 басқа жетті.

Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері бойынша өсімі қамтамасыз жасалды (ет –102,8 %, сүт – 101,6%, жүн – 102,8 %, жұмыртқа – 100,1 %).

2018 жылдың 7 айында тұтастай аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 6100,5 млн. теңгені (2017 ж. 7 айында – 5 742,5 млн.теңге) құрады. Өткен кезеңмен салыстырғанда 106,2 %-ға өсіп отыр.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (әрі қарай - Бағдарлама) жүзеге асыруға ауданның ауылшаруашылық құрылымдары белсене қатысуда.

 «Игілік», «Сыбаға», «Іскер» бағдарламалары бойынша 38 жеке тұлға 145,7 млн теңге несие алуға қол жеткізді.

Ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілері өткен жылы бағдарламаның 13 бағыты бойынша 611 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қолдау қаражатқа ие болды. Биылғы жылы да аудан бойынша 9 бағыты бойынша 291 шаруашылық 630 млн.теңге көлемінде мемлекет тарапынан субсидидияланады деп күтілуде.

Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 30 трактор, 28 түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып машина-трактор паркін жаңартуға қол жеткізді.

Соңғы бес жылда аудан шаруашылықтарының машина трактор паркі  жаңа а/ш техникасы алынып 35 % жаңартылады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағдарламалар мен технологияларды өндіріске енгізу бағытындағы осындай мақсатты шараларды тиісті деңгейінде жалғастыра беретін болады.

 

 

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫН ДАМЫТУ

Аудан аумағындағы көлдетіп және жүйелі суармалы жер көлемі 68411 га құрайды, соның ішінде 22157 га жер су реттегіш имараттар арқылы суландырылады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша суды сақтау үшін, тасқын  сулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру және су тасқыны қаупін жою мақсатында «Жұлдыз плотинасы», «Мамай» және «Сакрыл» жүйелерінің құрылысына қайта құру немесе оларды қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттамасына облыстық бюджеттен 37 млн. 200 мың теңге қаражат бөлініп жоба жасақталуда.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, аудан аумағы арқылы өтетін «Киров-Шежін» су арнасы бойынша ІІІ-кезеңдегі жаңа құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

 

МАЛ АЗЫҒЫ

Аудан шаруашылықтары биылғы жылы жоспар бойынша – 235,3 мың тонна дайындау керек. Бүгінгі таңда мал азығы дайындалғаны -187,76 мың тоннаға немесе 80 пайызға орындалды.

 

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Аудан бойынша жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарының иеліктерінде өткен жылы 40000,0 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған болса, ағымдағы жылы бұл мақсатта  30500,0 га жер учаскесінің күні бүгін 11700,0 га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жалпы көлемі 5700,0 га жер учаскелері конкурс арқылы жалға берілген болса, 7 ауылдық округке жалпы көлемі 9000,0 га жер учаскелеріне жерге орналастыру жобалары жасақталды.

 

 

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО

По состоянию на 1 августа текущего года в районе зарегистрировано 1349 субъектов малого и среднего бизнеса, налоговое поступление в местный бюджет от них составило 29,618 млн. тенге (2017 г. за 7 месяцев - 24,525 млн. тенге).

Объем услуг и продукции в сфере малого и среднего бизнеса составил 331,1 млн. тенге (2017- 270,2 млн.тенге)

В этом году по карте предпринимательства запланировано реализация 17 проектов на общую сумму 147,5 млн.тенге, из них на сегодняшний день реализовано 7 проектов на сумму 38,4 млн. тенге, остальные 10 проектов планируется завершить до конца года. В ходе реализации данных проектов планируется трудоустроить 45 человек.

В настоящее время дорога в направлении Чапаев - Казталов строится компанией «Юнисерв». В ходе рабочей поездки в ЗКО глава государства поручил выделить дополнительные средства для кардинального улучшения состояния дорог в Казталовском, Бокейординском, Жанибекском районах. В результате на разработку проектно-сметной документации были выделены средства и начаты работы.

В связи с этим в районе приоритетным направлением определен развитие обслуживание пасажиров и улучшение оказания дорожного сервиса . На сегодняшний день в районе функционирует 8 автозаправочных и газозаправочных станций, 6 объектов общественного питания, 2 станций технического обслуживания и ремонта транспортных средств. Кроме того, в дальнейшем планируется строительство кемпинга, а также компанией «Уральская нефтехимическая компания» запланировано строительство многопрофильной автозаправочной станции и мини-маркета.

Эти проекты будут оказывать мультипликативное влияние на создание новых рабочих мест, повышение экономической активности нашего района, предоставление полной поддержки для развития объектов обслуживания предпринимателей, а также развитие дорожного сектора в целом.

 

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, ӘР ТҮРЛІ САЛА БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ

«Ақбұлақ» бағдарламасымен 2017-2018 жылдары жалпы құны –2 318,4 млрд. теңгені құрайтын жұмыстар 13 елді-мекенде іске асып, бүгінде 9 елді мекенде  жұмыстар аяқталды (Казталов-5089, Бостандық-1802, Қаракөл-218, Жаңажол-868, Танат-64,Қайынды-906, Ақпәтер-1064, Жалпақтал-5427, Қараөзен-840  Барлығы:16278 адам). 2018 жылы бұл жобаларға жалпы 735,764 млн. Теңге бөлінді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 2430,0 мың теңге бөлініп Талдықұдық ауылына «таза су» қондырғысын орнату жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ аудан орталығында ағымдағы жылы 87,615 млн.теңгеге  саз мектебі және 112,666 млн.теңгеге Жалпақтал ауылында 12 пәтерлік 2 этажды тұрғын үй салынуда.

         13 елді мекенді (Көмекші, Көктерек, Оразғали, Жұлдыз, Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан, Қособа, Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек) газбен қамту жұмыстары жалпы құны 1,486 млрд теңгеге іске асуда. Осы бағытта 16 елді мекенді газбен қамтуға арналған (Әбіш, Еламан, Саралжын, Көпкүтір, Аққурай, Хайруш, Саралжын, Қызылту, Қаракөл, Сексенбаев, Мереке, Сатыбалды, Бостандық, Ащысай, Жас және Таңат ауылдары) жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып жатыр.

Аталған жұмыстар іске қосылған жағдайда тұрғындардың 79 % (қазіргі таңда  73%) таза ауыз сумен, 77 % (қазіргі таңда 44 %) көгілдір отынмен қамтылуға мүмкіндік алатын болады.

 

ЖОЛДАР

Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына келсек, ағымдағы жылы Казталов ауылішілік жолдарын (Желтоқсан, Сауанов, С.Датұлы, Тәуелсіздік, А.Оразбаева, Даниялов көшелері) ұзындығы 3,1 шақ.  және  ұзындығы 1,3 шақ. тротуар (Сауанов, С.Датұлы, А.Оразбаева) барлығы 230,3 млн.теңге қаражатқа сонымен қатар, Жаңажол ауылына кіре беріс және ауылішілік жолдарын ұзындығы 7,4 шақ. күрделі жөндеу барлығы 691,1 млн. теңге қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудандық маңызы бар жолдарды  мердігер «Жаңақала Жол» ЖШС күтіп ұстау жұмыстарын  40,4 млн. теңге қаражатқа жүргізуде.

Үстіміздегі жылы 8 бағытта Қараоба, Сексенбаев, Қошанкөл, Қаракөл, Талдықұдық, Қособа ауылдарының бағытына 33 шқ автожолдарды көтеру жұмыстары жүргізілсе, Саралжын ауылына кіре беріс және Жас ауылы бағытына жолдарды көтеру жұмыстары жүріп жатыр.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

(СУ АЙДАУ)

Қайыңды аумағында орналасқан Қараөзен арқылы өтуге арналған қалқымалы көпір 52,7 млн. теңгеге іске қосылды.

Казталов – Орал, Жалпақтал – Орал бағыттары бойынша маршруттармен «Жиенбай» ЖШС-гі автобустармен жолаушыларды тасымалдайды.

Жалпақтал – Жаңажол ауылы, Қараөзен – Жалпақтал ауылішілік маршруттармен ЖК «Алибекова» ГАЗЕЛЬ автокөліктерімен жолаушыларды тасымалдаумен айналысуда. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін бюджеттен 3500 мың. теңге бөлініп субсидия төленуде.

Сонымен қатар, Казталов ауылішілік көше жарықтарына 160 жарықдиодты энергия үнемдегіш шамдар орнатылса, Жалпақтал ауылында 90 шамды орнату ауыстыру жоспарланып отыр.

(Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 222 адам болса, жер алуға 43 адам кезекте тұр).

 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Есепті мерзімде экономиканың барлық салаларында 325 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 343 адам жұмысқа орналасып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17 адамға көбейіп отыр.

Қаржыландырудың барлық көздерінен 452 отбасыға  52,042  мың. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз етумен 103 адам қысқа мерзімді оқуға жолданды. Соның 15 адам тұрақты және уақытша жұмыс орынға орналасты.

Сондай-ақ бағдарламаның  екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 78 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып сертификаттарын алса, 4 адам несие алып 10,4 млн.теңгеге қол жеткізді.

Осы бағдарламаның үшінші бағыты аясында жастар практикасына 75 жас мамандар жолданса, әлеуметтік жұмыс орындарына 93 адам жұмысқа жолданды.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында 9 жоба бойынша  жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті жерден 29 адам жұмыспен қамтылды.

БІЛІМ БЕРУ

Аудандық білім беру жүйесін – 41 (20 орта, 7 негізгі, 14 бастауыш) жалпы білім беретін мектептер құрайды.

Ағымдағы жыл білім беру саласына бөлінген қаражат 3 млрд 350 млн. теңгені құрап отыр. (50% аудан бюджетінің)

Болашақ ауылдық округінің Көкпүтір бастауыш жалпы білім беретін мектебі оқушыларының саны артуына байланысты негізгі орта білім беретін мектебі болып қайта ашылуда.

(Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі (129 оқушы), 15 бөбекжай, 1 балалар бақшасы, 33 шағын орталық (1826 бала) және 4 қосымша білім беретін ұйымдары (2820 оқушы) бар).

С.Есетов ат.ОЖББМ күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақталды (құрылыс монтаж жұмыстары - 359 млн 957 мың теңге). Сонымен қатар, Богатырев ОЖББМ (2500,0 мың.теңге) күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақталуда.

 Қарасу, Талдыапан ауылдарының мектептеріне балалар тасымалына құны 10,2 млн. теңгені құрайтын жаңа автокөліктер алынып берілді.

Ауданымыздың 9 мектебіне (Қараөзен мектеп-лицейі, Ғ.Бегалиев, Бірік, Жаңажол, Ғ.Мендалиев, Ғ.Қараш, Молдашев, Казталовка, А.Оразбаева ОЖББМ) 12,4 млн. теңгеге мультемедия жабдықтары алынып, интерактивті сабақтары онлайн қамтылса, қалған 32-і мектеп интерактивті сабақтарын офлайн түрімен қамтылды.

Бүгінгі күні ауданда мектептер жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету мақсатында 7,5 млн.теңге бөлініп, 25 дана жаңартылған компютерлік жабдықтар алынуда (компьютер, интерактивтік тақта, видеопроектор).

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы - партияның бастамашыл цифрландыру жобалары шеңберінде К.Меңдалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне ІТ классы ашылмақ.

 25,3 млн.теңге бөлініп, «Bilim books»  құрал-жабдықтары алынуда.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ғ.Беғалиев және А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектептерінде мұражайлар жасақталып пайдалануға берілді.

2018 жылдың жазғы демалыс кезеңінде - 4755(99,7%) бала жазғы демалыспен қамтылды. Астана, Алматы, Түркістан қалаларында және шетел мемлекеттеріне ауданымыздан 31 оқушы демалып келді.

2017-2018 оқу жылы 325 түлек бітіріп, оның 233-і ҰБТ-ге қатысты, соның 120-сы (53,5 %) жоғарғы оқу орнына түсіп отыр. ҰБТ орташа балы – 84,63% құрады (2016-2017 оқу жылы орташа балл -84,16%).

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымыздың барлық денсаулық сақтау мекемелері стационарлық және профилактикалық қызметті жоспарлы жүргізіп келеді.  Атапайтқанда,  аурудың алдын алу, сырқат белгілерін ерте анықтау мақсатында скринингтік бағдарламалар өткізілуде. (Жоспар бойынша 23 008 адам өту керек болса, күні бүгінге 14 637 (63 %) адам өтті).

Денсаулық сақтауда 2 аудандық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 28 медициналық пункт, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет жасайды. 

Оларда жұмыс жасайтын дәрігерлер саны-50, орта буын медицина қызметкерлері – 242 құрайды.

Ауданымызға 15 дәрігерлер (2 - анестезиолог, 5 - жалпы тәжірибе дәрігері,  хирург, нарколог, акушер-гинеколог, психиатр, невропатолог, кардиолог, отолоринголог, педиатр) және 14 орта буынды мамандары жетіспейді.

Ағымдағы жылдың 7 айында жұмысқа 4 дәрігер және 7 орта буынды мамандар орналасқан болатын.

Биылғы жылы денсаулық саласына 13,3 млн. теңгеге медициналық аппараттар алынды.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Есепті кезеңде Жалпақтал, Қараоба ауылдық кітапханасы модельді жүйеге көшірілді.          

Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт  мектептерінде 14 спорт түрінен 866 оқушы спорттық секцияларға қатысып, аудан бойынша 8754 адам (29%) тұрақты спортпен шұғылданады.

Сонымен қатар Қайыңды, Көктерек, Болашақ, Жаңажол, Қараөзен ауылындарында футбол ойын алаңдарын орнатуға құны 39,1 млн. құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда ерекше назар тарихи-мәдени мұраны сақтау болып табылады. Бұл бағытта Казталов ауылында тарихи-өлкетану мұражайы пайдалануға берілді.

ЖАСТАР

           Аудан көлемінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны 6353 адам. Казталов ауданының жастар саясатына 25 млн. теңге бөлініп, ресурстық орталық, 2 қоғамдық бірлестік жұмыс жасауда.

           Сондай-ақ "Жасыл Ел" студенттік жасақтарына 40 студент тартылды.

 

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Ауданымыздың құқық қорғау органдары заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда бірқатар жұмыстар атқарды. 2018 жылдың 7 ай ішінде 157 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2 қылмысқа көбейіп отыр. Тіркелген қылмыстардың ашылуы 85,3 % құрады (2017-81,6%).

Аудан көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі 2018 жылдың 7 айы ішінде 70 қылмыс тіркеліп (2017-68), жалпы ашылуы 92,9% (2017-80,6%) құрады. Соның ішінде мал ұрлығы есепте мерзім ішінде 27 қылмыс тіркеліп (2017-23), ашылуы 83,3% (2017-77,3 %) құрады. Бұл бағытта әліде жүйелі жұмыстарды қоғам болып жүргізу қажет.

 

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ,

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда үлкен оңды серпіліс берген құжат болды.

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша нақты бекітілген жоспар негізінде жұмыс жүруде.

Ағымдағы жылы әрбір ауылдық округтер  бойынша 125,4  млн.теңгені құрайтын 37 жоба жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 50,6 млн. теңгеге 29 жоба іске асырылды.

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сай аудан бойынша 229 адам цифрлық сауаттылықтарын арттырды.

 Сонымен қатар, бағдарлама аясында елді-мекендерде мемлекеттік интернет қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында шалғай орналасқан 12 елді-мекенде (Болашақ, Қараоба, Қошанкөл, Талдыапан, Жұлдыз, Көктерек, Ақпәтер, Жаңажол, Бостандық, Нұрсай, Әжібай, Қараөзен) өз-өзіне қызмет көрсету кабинеттері ашылды. Күні бүгінге қосылған бұл сервис арқылы барлығы 170 қызмет көрсетілді.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Казталов (5), Жалпақтал (5) ауылдарына  6,7 млн теңгеге бейне бақылау камералары алынуда.

Құрметті брифингке қатысушылар!

 

Сөзімді қорытындылай келе, Казталов ауданы активі мен тұрғындары Елбасы қойып отырған межелі биіктерден көрінуге табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына лайықты үлесін қосады деп  сендіремін. 

 

Назарларыңызға рахмет! Спасибо за внимание!


Аудан әкімі А.Шыныбековтің
брифингте сөйлеген баяндамасы
10.10.2017

 

Құрметті брифингке қатысушылар!

Өздеріңізге мәлім, «Бес институционалдық реформаны» жүзеге асыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруін айқындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бекіткен болатын. Осы жоспардың негізгі мақсаты – Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын іске асырып, мемлекеттілігімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасақтау үшін аудан әлеуетін арттыру мақсатында жоспарланған ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бюджет
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы жылғы  9  айы  ішіндегі негізгі қызметі аудандағы тұрақтылықты сақтау арқылы өңір экономикасының одан әрі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2016 жылға арналған аудан бюджеті 5 млрд 949 млн теңгені құраса,2017 жылға арналған аудан бюджеті 7 млрд 242 млн. теңгеге жетті өткен жылмен салыстырғанда 121,7 % көп.
Соның ішінде өз кірісіміз 773 млн. теңге түсім түсті, яғни 103,5 пайызға орындалды.
Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2017 жылдың 8 айында – 3 088,3 млн.(2016 ж. 8 айында – 2 025,7 млн теңге) теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы
Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы қажеттігі туралы Елбасының биылғы жолдауында белгіленген болатын. Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі де осы мал шаруашылығына қатысты. Сондықтан барлық атқарар ісіміз осы ауыл шаруашылығымен байланыстырыла жүргізіліп келеді.
2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдайға аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласында 26заңды тұлға, 590шаруақожалықтарытіркелген.
Есепті мерзімге  шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 81939 басты құраса, қой мен ешкі – 294305 бас, жылқы – 23817 бас, түйе 188 басқа жетті.
Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері бойынша өсімі қамтамасыз жасалды  (ет – 101,9%, сүт – 101,7%, жүн – 107,4%, жұмыртқа – 101,8%).
2017 жылдың 8 айында  тұтастай аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 7 456,6 млн. теңгені құрады. Өткен кезеңмен салыстырғанда 110%-ға өсіп отыр.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (әрі қарай - Бағдарлама) жүзеге асыруға ауданның ауылшаруашылық құрылымдары белсене қатысуда.
Ағымдағы жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 12 шаруашылық 129 млн.630 мың несие алуға қол жеткізді, осы қаражатқа 16 бас өндіргіш бұқа,  492 бас ірі қара аналығы,  400 бас қой саулық, 3 бас айғыр, 80 бас байтал сатып алынды.
«Береке» несиелік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы мүйізді ірі қара малын бордақылаумен айналысатын 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері (АӨК) жаңадан құрылды. Бүгінгі күнге аудан бойынша есепте тұрған 21 ауылшаруашылық кооперативінің құрамына 1468 тұрғын мүшелікке енген, онда 7236 бас ірі мүйізді қара, соның ішінде 6712 аналық мал тіркелген.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «Береке» бағдарламасы шеңберінде 50 жеке тұлғаға 176 млн 300 мың теңге несие берілді.
Сонымен қатар,  «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша «Жалпақтал» АӨК (төрағасы – Д.Догоров) - Жалпақтал ауылында, «Шығанақ» АӨК  (төрағасы– Ж.Аксалов) - Казталов ауылында қуаттылығы – тәулігіне 10-15 бас соятын тоңазытқыш көлігімен қамтылатын мал сою пунктін салу үшін  жұмыстануда.
«Игілік» бағдарламасы бойынша 22 жеке тұлға 92 млн 200 мың теңге несие алуға қол жеткізді.
Ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілері өткен жылы бағдарламаның 11 бағыты бойынша 607,1 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қолдау қаражатқа ие болды. Биылғы жылы да аудан бойынша 353 шаруашылық 630,5 млн теңге көлемінде мемлекет тарапынан субсидидияланады деп күтілуде. 
Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 30 трактор, 14 түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, соның ішінде шаруа қожалықтары 11 трактор және 10 түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг арқылы алып, өздерінің машина-трактор паркін жаңартуға қол жеткізді. 
Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағдарламалар мен технологияларды өндіріске енгізу бағытындағы осындай мақсатты шараларды тиісті деңгейінде жалғастыра беретін болады.

Су шаруашылығынын дамыту
Аудан аумағындағы көлдетіп және жүйелі суармалы жер көлемі 68411 га құрайды, соның ішінде 22157 га жер су реттегіш имараттар арқылы, мысалы «Сакрыл» суландыру жүйесі бойынша 14901 га, «Мамай» суландыру жүйесі бойынша 1967 га жер суландырылады.
Қазіргі уақытта «Мамай» және «Сакрыл» суландыру жүйелерін республикалық меншікке, яғни «ҚазСуШар» АҚ филиалының теңгеріміне алу бағытындағы жұмыстар жүргізілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша суды сақтау үшін, тасқын  сулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру және су тасқыны қаупін жою мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына аудан бойынша Жұлдыз ауылы тұсындағы Кіші Өзенде орналасқан «Жұлдыз плотина» құрылысына қайта құру-техникалық экономикалық негіздемеге немесе оларды қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 2018 жылға облыстық бюджеттен 6, 550 млн. теңге гаражат бөлу жоспарланып отыр.
Ресей Федерациясынан келетін суды ұстау және тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін Казталов ауылдық округіне қарасты Сексенбай ауылы тұсынан Кіші Өзеннен су қоймасынан құрылыс салу жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемеге немесе оларды қалпына келтіруге «ҚазСуШар» АҚ арқылы жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 4, 800 млн. теңге қаражатты 2018 жылдың бюджетінде қарастыру көзделуде.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, аудан аумағы арқылы өтетін «Киров-Шежін» су арнасы бойынша ІІІ-кезеңдегі жаңа құрылыс және қайта құру жұмыстарына 1 млрд.100 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.Осы жұмыстарды аяқтау үшін қосымша 500 млн. теңге қаражат бөлінді.

 

Мал азығы
Аудан шаруашылықтары биылғы жылы мал азығын дайындау жоспарын 228,8 мың тоннаға немесе 100,4 пайызға орындалды (Бірік а/о – 115,0%, Қараөзен а/о – 106,8%, Ақпәтер а/о – 101,3%, Талдыапан – 100,8%, Жаңажол а/о – 100,0%, Қайыңды а/о – 100,0%). Шабындықтардың әр гектарынан 6,7 центнер өнім алынды, орақ науқанына 326 трактор, 500 орақ қатысты.

Жер мәселесі
Аудан бойынша жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарының иеліктерінде 40000,0 га жер учаскесінің күні бүгін 33638,0 га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Шаруа қожалықтары 5200,0 га өз қаражат есептерінен егістік жерлерін басқа алқап түрлеріне ауыстырды.
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 86818,0 га егістік жер учаскелері бар. Соның 70039,0 га жері бюджет есебінен 4, 9 млн теңгеге  шабындық, жайылым алқаптарына яғни бір түрден екінші түрге ауыстырылды (трансформацияланды).
Үнемделген қаражат есебінен 336 000 теңге ауыл шаруашылығы мақсатындғы жер учаскелерін конкурс арқылы беру мақсатында 8 ауылдық округ бойынша (Болашақ а/о 1000,0 га, Ақпәтер а/о 1000,0 га, Қараөзен а/о 200,0 га, Жаңажол а/о 300,0 га, Бостандық а/о 500,0 га, Казталов а/о 1000,0 га, Қараоба а/о 1-уч 700,0 га, 2-уч 300,0 га, Талдықұдық а/о 700,0 га,) жалпы көлемі 5700,0 га жер учаскелеріне жерге орналастыру жобалары жасақталды. 

Предпринимательство
По состоянию на 1 октября текущего года в районе зарегистрировано 1298 субъектов малого бизнеса,число занятых в этих субъектах 3825 человек.
Налоговое поступление в бюджет  от малого предпринимательства составило 36,768 млн. тенге
В районе действует 4 малых цеха (Жалпактал-2, Казталов-1, Караоба-1 хлебопекарни), с численностью сотрудников 23 человека.
Через кредитное товарищество «Казталов» по программе «Іскер» для развития своего бизнеса 15 человек получили финансирование в размере 74,7 млн. тенге.
В 2017 году кредитное товарищество «Казталов» предоставило кредиты дляразвития сельского хозяйства26 частным субъектам малого предпринимательства на сумму 121,6 млн. тенге.
По единой программе поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020» проект ИП «Байжумашев» получил  грант в размере 2  млн. тенге для изготовления надгробных памятниковиз  мрамора и гранита.


Еңбек нарығы
Есепті мерзімде экономиканың барлық салаларында 762 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 488 адам жұмысқа орналасып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 88 адамға көбейіп отыр.
Аз қамтылған отбасы саны 26 отбасы  адам, ондағы адам саны-88,  бұл  2016 жылдың 9 айлық қортындысымен салыстырғанда 7 отбасына және 37 адамға азайып отыр.
Қаржыландырудың барлық көздерінен 2811 отбасыға  102 53,4 мың. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
«Өрлеу» жобасы  бойынша 63 отбасына  345 адамға   13921,0 мың теңге 6 айға  тағайындалды. 32 бас ірі қара,  253 бас қой-ешкі, 1 бас жылқы малымен қамтамасыз етілді,  барлығы  286 бас сатып алынды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылға 210 адамды оқыту жоспарланып, 2017 жылдың 1 қазанға 213 адам қысқа мерзімді оқуға жолданды.
Сондай-ақ бағдарламаның  екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 128 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып сертификаттарын алса, 39 адам несие алып 166,9 млн. теңгеге қол жеткізді.
Осы бағдарламаның үшінші бағыты аясында жастар практикасына 86 жас мамандар жолданса, әлеуметтік жұмыс орындарына 59 адам жұмысқа жолданды.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында 10 (Казталов, Жалпақтал, Талдыапан, Ақпатер, Жаңажол, Бостандық және Қайыңды ауылдық округтерінде ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта құру, Қайыңды ФАП, Ертегі балабақшасы және Ғ.Бегалиев атындағы орта мектеп) жоба  бойынша 246 жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті жерден 58 адам жұмыспен қамтылды.

Білім беру
Аудандық білім беру жүйесін 41(20 орта, 7 негізгі, 14бастауыш) жалпы білім беретін мектептер құрайды.
Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі (201 оқушы), 15 бөбекжай және 1 балалар бақшасы (1235 бала), 34 шағын орталық (591) және 4 қосымша білім беру ұйымдары (2820 оқушы) жұмыс істейді.
Биылғы жылы 3 млрд. 715 млн. 126 мың теңгені құрап отыр. Бұл қаржы аудан бюджетінің 51,3% құрайды.
Жалпақтал ауылындағы 140 орындық «Ертегі» бөбекжайына күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен – 93,676 млн.теңге және Қошанкөл ауылындағы 464 орындық Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысына 167,581 млн.теңге бөлінді.
2017 жылдың мамыр  айында аудандық бюджеттен 21,280 млн. теңгеге Қараоба, Болашақ, Қараөзен, Көктерек ауылындағы білім беру ұйымдарына төрт УАЗ автокөлігі алынып берілді.
С.Есетов ат. орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына ЖСҚ жасатуға жергілікті бюджеттен – 5 млн. теңге бөлінді.
Аудан мектептері 2017-2018 оқу жылында жаңа  оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында 160 млн. теңге, 100 мультимедиялық құрылғыларға (компьютер, интерактивтік тақта, видеопроектор) 49 млн 600 мың.теңге, кең жолақты интернет желісін қосуға 18,222 млн. теңге бөлінді.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне 211 баланы жолдау мақсатында 11 млн 282 мың теңге қаражат бөлінді.
Жазғы демалыспен 4756 оқушы (99,7%) жоспарға сәйкес қамтылды.
«Мектепке жол» акциясы бойынша  биылғы оқу жылында бойынша 1786 балаға 5 ,9 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Денсаулық саласы
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымыздың барлық денсаулық сақтау мекемелері стационарлық және профилактикалық қызметті жоспарлы жүргізіп келеді.  Атапайтқанда,  аурудың алдын алу, сырқат белгілерін ерте анықтау мақсатында скринингтік бағдарламалар өткізілуде. Денсаулық сақтауда 2 аудандық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 32 медициналық пункт, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет жасайды.  Оларда,  дәрігерлер саны-49, орта буын медицина қызметкерлері – 249 құрайды.
Ауданымызға 2 - анестезиолог, 6 - жалпы тәжірибе дәрігері, нарколог, рентгенолог, лор және реаниматолог мамандары жетіспейді.
Биылғы жылы денсаулық саласына 41,7 млн. теңгеге медициналық аппараттар алынды.
Денсаулық сақтау қызметкерлері халық арасында медициналық сақтандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мәдениет және спорт
Ауылдық кітапханаларды модельді жүйегекөшіру мақсатында Қараоба, Жаңажол және аудандық балалар кітапханаларын жоспарланып отыр. Жаңажол ауылдық округінің Әбіш ауылында кітапхана ашылды.

              Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт  мектептерінде 12 спорт түрінен 654 оқушы спорттық секцияларға қатысып, аудан бойынша 8580 адам (29%) тұрақты спортпен шұғылданады.
Сонымен қатар Талдықұдық, Талдыапан, Ақпатер, Қарасу, Бостандық, Қошанкөл ауылындарында футбол ойын аландарының орнату жұмыстарын жүргізуге 48 млн. теңге бөлінді.
Материалдық – техникалық базаны жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттенаудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне екі қызметтік шағын автобус (14,600 млн.),аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне бокс рингі алаңы (772,0 мың),аудандық мәдени демалыс орталығына қызметтік автокөлік(5,035 млн.), Жалпақтал ауылдық мәдениет үйіне кең форматты «LED» сахналық экран (4,369 млн.) және  сахнаны жарықтандыру аппаратуралары(2,0 млн), «Қарлығаш» халықтық би ансамбіліне сахналық киімдер (4,784 млн.), 14 ауылдық мәдениет үйлеріне музыкалық аппаратура жиынтығы (10,0 млн.) алынды. 

Жастар
Аудан көлемінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны 6393 адам. Казталов ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресуртық орталығының 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 21 қызметкер болып жұмысын бастады (2016 ж - 4 қызметкер). 2017 жылы орталыққа 16, 595 млн. теңге бөлінді.

Сумен жабдықтау, әр түрлі сала бойынша құрылыс нысандары
"Ақбұлақ" бағдарламасы негізінде нысандардың жалпы құны –2 318,4млрд. теңгені құрайтын жұмыстар 13 елді-мекенде іске асуда. 2017 жылға Республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражаттын жалпы құны – 840, 261 млн теңге, облыстық бюджет – 352, 774  млн теңге.жалпы 1 193,0 млрд теңге.
13 ауылғы «Ақ бұлақ» бағдарламасымен әр үйге су кіргізілгенде 11 409 адам (аудан бойынша 18 549 -63%) қамтылады.
Сондай-ақ аудан орталығында ағымдағы жылы 100 орындық интернатының (286,485 млн. теңге) құрылысы аяқталып пайдалануға берілді сонымен қатар 22 коммуналдық-жалға берілетін тұрғын үй (166,355 млн теңге) салынуда.
Жобалық-сметалық құжаттамаларға келетін болсақ:

  • Казталов ауылында 900 орындық мектеп(22,368 млн. теңге);
  • Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп(14,441млн. теңге);
  • Казталов  ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі  үш тұрғын үй (4,427млн. теңге);
  • Жалпақтал  ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі  үш тұрғын үй (3,150 млн. теңге);
  • Казталов ауылында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер (1,098 млн. теңге);
  • Жалпақтал, Казталов ауылдарындағы 61(1,176 млн. теңге) және 85 (2,000 млн. теңге) жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілер;
  • Казталов  ауылына Лекер бірінші су көтергіш станциясынан су құбырын  тарту(4,400 млн. теңге);
  • Көктерек (4,600 млн. теңге),Қарасу (4,200, млн. теңге)ауылдарын сумен жабдықтау;
  • Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек ауылдарын газбен қамту (10,650 млн. теңге);
  • Көмекші, Көктерек, Оразғали және Жұлдыз ауылдарын газбен қамту(15,008 млн. теңге);
  • Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан және Қособа ауылдарын газбен қамту (11,799 млн. теңге) жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.

Биылғы жылы «Казталов-Фомин» шекара бекетін электрмен жабдықтау жобасының сметалық құжаттары жасалынып (1,556млн.),Жұлдыз ауылындағы 108 орындық мектебінің (5,595 млн.), Казталов (7, 840 млн.) және Жалпақтал (4, 480 млн.) ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің, Казталов және Жалпақтал ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы жобасы (6,000 млн.) мемлекеттік сараптамаға жолданды.

Жолдар
Жалпақтал ауылындағы Масалиев көшесін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 50 745,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.
Казталов ауылына ұзындығы 2,3 км  тротуар салуға  42 145,8 мың теңге,
Жалпақтал ауылына ұзындығы 0,9 км тротуар салуға 14 563,4 мың теңге, барлығы  56 709,2 мың теңге қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық маңызы бар жолдарды  мердігер «Дорремсервис» ЖШС-і күтіп ұстау жұмыстарын  26 587,3 мың теңге қаражатқа жүргізуде.
Казталов ауылішілік жолдарды күтіп ұстауға 1 626,0 мың тенге қаражатқа мердігер «Қуан Құрылыс» ЖШС-мен, Жалпақтал, Қараөзен ауылішілік жолдарды 1 716,0 мың тенге қаражатқа мердігер «Дорремсервис» ЖШС-мен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

 

Жобалар
Бостандық ауылына 12,7 шқ, Әжібай ауылына 5,5 шқ, Талдыапан ауылына 21,9 шқ, кіреберіс және ауылішілік жолын күрделі жөндеу нысандарына инженерлі-геологиялық (3 300,0 мың теңге) және инженерлі-геодезиялық  (1 269,5 мың теңге) зерттеу жұмыстарын барлығы 4 569,5  мың теңге қаражатқа орындалды. Осы нысандарға 10 886,0 мың теңге қаражатқа ЖСҚ жасақтау жұмыстары Алматы қ. «Дирекция строящихся предприятий СТРОЙИНТЕГРАЦИЯ» ЖШС – мен жүргізілуде.
БҚО, Казталов ауданы Казталов ауылындағы Х.Бөкеева көше жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «STROYCONSALTING» ЖШС-мен 1 780,8 мың теңге қаражатқа ЖСҚ жасақталуда.
Казталовка ауылы 3 шқ жолды күрделі жөндеуге ЖСҚ  268,8  мың тенгеге мердігер «Орал Экспертиза» ЖШС-мен сарамптама жұмыстары жүргізілді. Құрылыс монтажды жұмыс құны – 238 872,0 мың теңге.
Жалпақтал ауылы 2 шқ жолды күрделі жөндеуге ЖСҚ  212,8  мың тенгеге мердігер «Орал Экспертиза» ЖШС-мен сарамптама жұмыстар жүргізілді.
Құрылыс монтажды жұмыс құны – 166 118,0 мың теңге.
«БҚО Казталов ауданы Жаңажол ауылына кіре берістер-Жалпақтал ауылы жолдарын күрделі жөндеу 7,4 шақ.» жолды күрделі жөндеуге ЖСҚ  339,3  мың тенгеге мердігер «Госэкспертиза» РГП-мен сарамптама жұмыстар жүргізілді. Құрылыс монтажды жұмыс құны – 718 671,0 мың теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстары (су айдау)
Казталов коммуналдық кәсіпорнымен Кіші өзеннен Казталов ауылындағы Қарасу тоғанға және бөгетке, Шамиль, Әжібай, Беспішен, Болашақ  және Жаңатаң ауылдарындағы  көбіктерге  маусым-қараша айлары бойы жергілікті бюджеттен бөлінетін 7 010,7 мың теңге қаражатқа су айдалуда.
1052,1 мың теңге қаражатқа Талдыапан және Қараөзен ауылдық округіне қарасты «Баубек» суландыру жүйесіне, «Тоғыз», «Әжімбет», «Лиман 55», «Дюрина-Балықты», «Балықты» суландыру каналдарына жерге орналастыру жобаларын, техникалық папорттары жасалынуда.
Қараоба, Көктерек, Талдықұдық ауылдарына 3 163,0 мың теңгеге КТП 100/10-0,4 кВ трансформаторлары
Жергілікті бюджеттен бөлінген 11 800,0 мың теңге қаражатқа тұрмыстық қалдықтар тасымалдап шығаратын Мусоровоз КО-440-2 маркалы автокөлік сатып алынып «Қуан Құрылыс» ЖШС- не сенімгерлік басқаруға берілді.
Казталов ауыл ішіне 10 жерге 30 контейнер жайғастырып қоюда (10 контейнер пластик қалдықтарға, 10 контейнер қағаз картонға, 10 контейнер басқа тұрмыстық қалдықтарға) «Қуан Құрылыс» ЖШС-мен (жетекшісі Н.Хайруллин) келісілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын осы серіктестікке беру жоспарлануда.

Қоғамдық тәртіп
Ауданымыздың құқық қорғау органдары заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда бірқатар жұмыстар атқарды. 2017 жылдың 9 ай ішінде208 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 16,6% төмендеп отыр. Тіркелген қылмыстардың ашылуы 78 % құрады.
Аудан көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі 2016 жылдың 9 айы ішінде 107-ден 2017 жылдың 9 айы ішінде 89-ке дейін яғни, 18 фактіге азайып, жалпы ашылуы 79,5 % құрады. Соның ішінде мал ұрлығы есепте мерзім ішінде 42-ден 30-ға дейін азайып, ашылуы 73,1 % құрады.

Құрметті брифингке қатысушылар!

Сөзімді қорытындылай келе, Казталов ауданы активі мен тұрғындары Елбасы қойып отырған межелі биіктерден көрінуге табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына лайықты үлесін қосады деп  сендіремін. 

Назарларыңызға рахмет! Спасибо за внимание!