Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Қадірменді жерлестер, әріптестер!

Өткен 2018 жыл табысты да берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда елеулі реформаларды жалғастырды. Еліміздің даму қарқынының одан әрі жемісті жалғасын табуы Елбасының дер кезінде қабылдаған шешімдері мен ел алдына қоя білген айқын бағыт бағдарының нәтижесі.

Елбасы - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы осының бір айғағы.

Жолдауда халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді міндеттер қойылып, әрбір қазақстандық жүргізіліп жатырылған реформалардың мәнін және олардың отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс екендігімізді баршамызға ұғындырылды.

Өткен есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан  көтерілген мәселелер бойынша 109 іс-шара жоспары жасақталып, жыл ішінде оның 40 орындалды, 21 орындалу үстінде, 48 бақылауға қойылды.

2018 жылдың қорытындысы Казталов ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын көрсетеді.

 

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ.

Аудан бюджетінің 2018 жылғы түсімдері 7 776,5 млн. теңгеге орындалды.

Оның ішінде өзіндік кірістеріміздің түсімдері 1,3 млрд. теңге көлемінде орындалып, бұл өткен кезеңге қарағанда 24%-ға артық жиналып отыр.

 

ИНВЕСТИЦИЯ.

Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 5,3 млрд. теңгеге (2017 ж.– 5 513,3 млн.  теңге), соның ішінде (республикалық – 2 637,5 млн. теңге, жергілікті – 1 156,7 млн. теңге) меншікті қаражат 1,5 млрд. теңгеге жетті.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

Казталов ауданының ауылшаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, аудандағы әрбір ауылдық округтің потенциялы мен климаттық ерекшеліктеріне және басым бағыттарына байланысты 2017-2021 жылдарға нақты іске асырылатын индикаторлар бекітілді.

Осыған орай, ауданының агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту шаралары жүзеге асырылды.

Есепті мерзімге  шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал басы өсіп отыр.

2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13 922,6 млн.теңгені құраса бұл облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметтерінің) көлеміндегі үлес салмағы 9,9 % құрап отыр.

Аудан бойынша мал шаруашылығын дамытумен  618  ауыл шаруашылық тауар өндірушілері жұмысын жүргізіп отырса, оның 19 шаруашылығы мал басын асылдандырумен айналасады. Олардың     12-і ірі қара мал, 3-уі жылқы және  4-і қой малы. Тек 2018 жылы «Райымбек», «Аманат» шаруа қожалықтары 314 бас абердин ангус малын әкелсе, «Бауырлар - Нарм» шаруа қожалығы 260 бас ақбас сиырын өсіруге бет бұрды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау бағытында 2018 жылы аудан бойынша 128 шаруашылық  612,2 млн теңгеге несие алынды.

Соңғы үш жылда аудан шаруашылықтарының машина трактор паркі  26 % жаңартылады.

Есепті кезеңде ауданымызға ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға 1 млрд. 038 млн. теңгеге субсидияға қол жеткізілді, соның ішінде: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бойынша ауданымыздың 294 шаруашылық (жалпы шаруашылықтың 47%) 808,7 млн теңгеге және агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша 229,4 млн. теңгеге субсидия төленді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағдарламалар мен технологияларды өндіріске енгізу бағытындағы осындай мақсатты шараларды тиісті деңгейінде жалғаса беретін болады.

Аудан бойынша мал қыстағы 316 орында өтіп жатыр.. Аталған қыстақтар 165 мың тонна жем-шөппен (шөп – 162 мың, жем – 2 мың) қамтылған. Қазіргі таңда қыстақтарға жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қошанкөл, Қараоба тұрғындарының және шаруа қожалықтарының иелігіндегі 1500 бас жылқы 45 – 70 шқ жерде орналасқан тебінді жайылымға шығарылды. Шаруа қожалықтарымен желтоқсан – қаңтар айында ауданға 320 тонна құрама жем қоры әкелінді.

Аудан бойынша жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай жүрген шаруа қожалықтарының иеліктеріндегі 26 мың га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды (40 ш/қ).

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жалпы көлемі 7 600,0 га жер учаскелері конкурс арқылы жалға берілген болса, 2019 жылдың басында 35 жер учаскесі, жалпы көлемі 43 763,0 га (32ш/қ) электронды түрде zem.kz порталы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Казталов, Жалпақтал ауылдарында коммерциялық мақсатқа 3 жер учаскесі, жалпы көлемі 0,350 га құрайтын жер учаскелерін аукцион арқылы электронды түрде жалдау құқығы 973 820 теңгеге сатылып, жергілікті бюджет кірісіне төленді.

Аудан аумағындағы көлдетіп және жүйелі суармалы жер көлемі 68 411 га. құрайды, осы алқаптарды айналымға енгізу бағытында «Сакрыл», «Мамай» суландыру жүйесі және «Жұлдыз» бөгетіне  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға облыстық бюджеттен 27,168 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, аудан аумағы арқылы өтетін «Киров-Шежін» су арнасы бойынша ІІІ-кезеңдегі жаңа құрылыс және қайта құру жұмыстары аяқталды.

 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК.

Ауданымыздың шағын және орта бизнес саласында 1309 субъектілер тіркелген, олар 2018 жылы жергілікті бюджетке 52,4 млн. теңге салық төлемдерін түсірді.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында өткен жылы көрсетілген қызмет пен өндіріс көлемі өсіп 701,1 млн теңгені құраса, жалпы құны 254,5 млн. теңге болатын 15 жоба жүзеге асырылып, 53 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында 3  жоба (4,4 млн.теңге) мемлекеттік грантқа ие болды.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС

«Ақбұлақ» бағдарламасымен 2017-2018 жылдары жалпы құны –2,3 млрд. теңгені құрайтын жұмыстар 13 елді-мекенде іске асып аудан тұрғындарының 79 % таза ауыз сумен қамтылуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ аудан орталығында аудандық саз мектебі ғимараты мен  Жалпақтал ауылында 12 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үй салынып тұрғындар игілігіне берілді.

13 елді мекенде газбен қамту жұмыстары басталды, жобалардың жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды.

Осы бағытта 16 елді мекенді газбен қамтуға арналған жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптамаға тапсырылды.

 

ЖОЛДАР.

Аудан аумағымен өтетін күретамыр жол Чапаево - Жалпақтал – Казталов тас жолының 35 км қатқал табынды жол құрылысы жалғасуда. Өткен жылы 1,3 млрд.теңгеге 5,7 км асфальт төселді.

Казталов ауылында 3,1 шақ. құрайтын 6 көше жолдарына асфальт төселіп,1,3 шақ. тротуар салынды.

«Нұрлы жол» бағдарламасымен 518,3 млн. теңгеге Жаңажол ауылында жалпы ұзындығы 6 шақ. кіреберіс және ауылішілік жолдарын, 3 шақ. тротуар салу жұмыстары атқарылды.

Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 40,4 млн. теңгеге бөлініп, Қараоба, Сексенбаев, Қошанкөл, Қаракөл, Талдықұдық, Қособа, Саралжын ауылдарының бағытына 33 шқ автожолдарды жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағында 210 км республикалық, 195 облыстық және 524 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар.

Биылғы қыстың қарлы болуы ауылдар арасындағы жол қозғалысына қиындықтар келтіруде. Тек соңғы қаңтар айында қардың қалындығы 20-25 см құрап  отыр. (Қараоба – 60 см, Болашақ – 50 см, Қарасу -25 см, Талдықұдық 25 см)

Жолды қардан аршу жұмыстарына «Қазақавтодор» ЖШС 7 дана, «Дорремсервис» ЖШС 7 дана, Казталов, Жалпақтал коммуналдық шаруашылықтарының 8 дана техникалары, Орал қаласынан «Орал транс», «ЖайықСтройГрупп», «Қазсушар» және аудан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер техникалары тартылып отыр. Аудандық бюджеттен 5,5 млн.қаржы бөлініп,  11 тонна жану-жағармай алынды.

Осы кезде елді мекендер арасында қатынастарды қалпына келтіруде қырауыр еңбек атқарып жүрген жолаушыларымызға, шаруашылықтарға үлкен алғысымды жеткіземін.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ.

Облыстық бюджеттен бөлінген 52,7 млн. теңгеге Қайыңды аумағында орналасқан Қараөзен арқылы өтетін қалқымалы көпір іске қосылды.

Казталов – Орал, Жалпақтал – Орал бағыттары бойынша маршруттарымен «Жиенбай» ЖШС жолаушыларды тасымалдаса, Жалпақтал – Жаңажол - Қараөзен ауылішілік маршруттармен ЖК «Алибекова» айналысуда. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 3,5 млн.теңге субсидия төленді.

«Жасыл экономика» бағдарламасы аясында ауылішілік көше жарықтары желісін дамытуға ерекше назар аударылуда. Казталов, Жалпақтал, Бостандық, Қошанкөл, Қараоба, Тереңкөл, Жаңажол,Талдыапан ауылдарында өткен жылы барлығы 500 жуық жарықдиодты энергия үнемдегіш шамдар орнатылды.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қолдану нәтижесінде өткен жылы ауданда 744 жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) аясында 169 (2017 - 234) адам әр түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға жолданып, оқуларын бітірген 111 (2017 – 67 ол 28 %) адам жұмысқа орналастырылды (ол 65,6 %).

Әлеуметтік жұмыс орындары арқылы нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 20 млн 839 мың теңге қаражат  бөлініп (2017 - 10 млн 428 мың теңге), 42 (2017 - 28) жеке кәсіпкерлік субьектілеріне 136 (2017- 67) адам жұмысқа тартылды.

 

БІЛІМ БЕРУ

Аудандық білім беру жүйесінде – 41 (20 орта, 8 негізгі, 13 бастауыш) жалпы білім беретін мектептер (5 019 оқушы), 16  балабақша, 1 колледж және 4 қосымша білім беретін ұйымдары (2 422 оқушы) бар.

2018 жылы білім беру саласына бөлінген қаражат 3 млрд. 362 млн. теңгені құрап отыр (аудан бюджетінің 45%).

Болашақ ауылдық округінің Көпкүтір бастауыш жалпы білім беретін мектебі оқушыларының саны артуына байланысты 2018 жылдың 1 қыркүйегінде негізгі жалпы орта білім беретін мектебі болып қайта ашылды.

С.Есетов атындағы ОЖББ мектебінің күрделі жөндеуіне ЖСҚ жасақталып (360,0 млн. теңге), «Богатырев ОЖББМ-нің күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ аяқталуда.

Қарасу, Талдыапан ауылдарының мектептеріне балалар тасымалына жаңа автокөліктер (Уаз-маркалы) алынып берілсе, биыл Ғ.Молдашев мектебіне жаңа автобус сатып алу көзделуде.

Ауданымыздың мектептеріне 12,4 млн. теңгеге мультимедия жабдықтары алынса, 7,5 млн.теңгеге жаңа компютерлермен қамтылды. Шағын жинақты мектептерге жалпы соммасы 25,3 млн. теңгені құрайтын  «Bilim book» 46 жиынтығы орнатылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекке қою мемлекеттік қызметін автоматтандыруға қазіргі уақытта 5 балабақша көшірілді («Нұрбалапан», «Ақбота» бөбекжайлары, «Жадыра» балабақшасы» және Жалпақтал ауылындағы «Ертегі», «Балдаурен» бөбекжайлары).

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 13 мектепке қосымша 26 бейнебақылау камералары орнатылды.

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамашылдығымен цифрландыру жобалары шеңберінде К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде ІТ сыныбы ашылды.

Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамаларының бірі жоғарғы білім алу қол жетімдігін қамтамасыз ету болса, мектеп бітірген түлектеріміздің 128-і (55%) жоғарғы оқу орнына, 87-сі (26,7%) колледждің бюджеттік бөліміне түсіп, жалпы 81,7% мемлекеттік оқу грантына ие  болды.

29 жас маман мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тереңкөл, Талдыапан, С.Есетов, Ғ.Беғалиев және А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектептерінде мектеп музейлері  жасақталып пайдалануға берілді.

Аудан көлемінде «Мың алғыс саған, алтын ұя мектебім» тақырыбында түлектер форумы өткізіліп нәтижесінде түлектердің демеушілігімен жалпы соммасы 24,2 млн теңгені құрайтын игі істер атқарылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ.

Денсаулық сақтау мәселесі – Елбасы Жолдауында ерекше атап көрсетілген бағыттардың бірі. Осыған орай, ауданымыздың барлық денсаулық сақтау мекемелері стационарлық және профилактикалық қызметті жоспарлы жүргізіп келеді.

Өткен жылы денсаулық сақтау саласына 19,8 млн. теңгеге жаңа медициналық аппараттар алынып, жыл ішінде 4 дәрігер және 7 орта буынды мамандар келіп жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар Казталов аудандық орталық аурухана ғимаратыныңжалпақтал ауруханасының 8 медициналық  пунктін жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ жасақталды.

Ауданымызға 10 дәрігерлер (хирург - 2, нарколог, акушер-гинеколог - 2, психиатр, невропатолог, кардиолог, педиатр) және 10 орта буынды мамандары жетіспейді. Шалғайда орналасқан медициналық пункттерді жедел жәрдем автокөлігімен қамту да  шешілу керектігі басымдыққа ие мәселе.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында меценаттар ағайынды Сралиевтер, ақпәтерлік Самат Хасановтың  көмегімен Әжібай, Ақпәтер ауылдарына ФАП жаңа ғимараттары пайдалануға берілді.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ.

Ауданның мәдениет саласына 2018 жылы 267 млн. теңге қаржы бөлініп (2017 жылы - 257 млн. 950 мың теңге), оның 14 млн. 894 мың теңгесі материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінді.

Ауданда үш тілді меңгерген халық санының үлесін арттыру мақсатында ағылшын курстары ұйымдастырылып, 45 адам оқудан өтті, бұл жұмыс биылда жалғасын табатын болады.

Казталов  аудандық тарихи-өлкетану музейі 14 млн. 550 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілген жаңа ғимаратқа көшірілді.

Сонымен қатар, 48,4 млн. теңге қаржыға Ақпәтер ауылындағы тарихи-өлкетану музейі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан халқының 32 пайызы (9392) тұрақты түрде спортпен айналысады. Өткізілген 103 спорттық шараларға 15788 адам тартылып, оған қатысушылар саны 2 есеге артып отыр.

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ.

Ауданымызда 14-29 жас аралығындағы жастар саны 6 543 адамды құрайды. Казталов ауданының жастар саясатына 25 млн. теңге қаржы бөлінді.

Аудан бойынша NEET жастар 458 адамды құрап отыр. Осыған орай, жастар ресурстық орталығы арқылы 300-ден астам жастарды қамтыған 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, нәтижесінде 54 жас жұмыспен қамтылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында 26 жас адам 79,4 млн.теңгеден астам сомаға несие алып, өз ісін ашты.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы жас мамандарды ауылға тарту бойынша бізге үлкен көмек береді. Өткен жылы 27 жас маманға көтерме жәрдемақысы төленсе, 32 адамға тұрғын үй сатып алуға 93,5 млн. теңгеге бюджеттік несие берілді.

Студенттердің жазғы уақытта жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін "Жасыл ел" студенттік жасақтарына 40 студент тартылды.

Жастар арасында діни экстремизмнің, терроризмнің алдын алу мақсатында жастардың қолдауымен «Ақниет» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігі құрылды. Оған жергілікті бюджеттен 2 млн.теңге қаржы қарастырылып, 2 теолог маман жұмысқа тартылды.

 

АУДАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ.

Ауданымыздың құқық қорғау органдары заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда бірқатар жұмыстар атқарып келеді. 2018 жылы 263 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4 қылмысқа азайып отыр.

Аудан көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі өткен жылы 115 қылмыс тіркеліп (2017-117), жалпы ашылуы 93 % (2017-70,8%) құрады. Соның ішінде мал ұрлығы есепте мерзім ішінде 54 қылмыс болып отыр. Бұл бағытта әліде жүйелі жұмыстарды қоғам болып жүргізу қажет.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Казталов (5), Жалпақтал (5) ауылдарына  6,7 млн теңгеге бейне бақылау камералары орнатылды.

 

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша нақты бекітілген жоспар негізінде жұмыс жүруде.

Өткен жылы 168 шара өткізіліп, «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 43 жоба 90 млн теңгеге жүзеге асырылды.

2019 жылы балалар ойын алаңдарын салу, көшелерді абаттандыру, саябақтар мен алаңдар салу, аллеялар, мектеп, клуб салу, «street worckout» спорт алаңын, жарықдиодты композициялар орнату, субұрқақтар салу сияқты 60 жуық жобалар жүзеге асырылмақ.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан бойынша 229 адам цифрлық сауаттылықтарын арттыру курыстары ұйымдастылып, электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  аясын кеңейту мен тұрғындардың оған қолжетімділігін арттыру мақсатында  аудан орталығынан шалғай орналасқан 14 ауылда «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.

 

Қадірменді жерлестер!

Елбасы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш - қайратымызды жұмсайтын боламыз. Жалпы 2019 жылы жобаланған жұмыстарға тоқтала кетсем:

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарлалары шеңберінде:

  1. Казталов ауылында 600 орындық мектебінің құрылысын бастау.
  2. 3 бағыт бойынша 13 елді мекеннің газбен қамту жұмыстарын жалғастыру.
  3. Казталов және Жалпақтал ауылдарында екі қабатты 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу. Құрылыс құны: 263 133,0 мың. теңге (Казталов – 130 594,0 мың теңге, Жалпақтал – 132 539,0 мың теңге).
  4. Жалпақтал ауылының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі деталды жоспарлау жобасының 61 жер теліміне ИКЖ сумен қамту құрылысы. Құрылыс құны: 22 719,0 мың теңге.
  5. Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы республикалық маңызы бар автомобиль жолының 157-192 км учаскесіндегі жұмыстарын жалғастыру. Жобаның құны-6,3 млрд. теңге.
  6. Жалпақтал ауылында 4 көшенің (2,6 км) ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және Жаңажол ауылында жобаның 2-кезеңі бойынша 1,4 шақ. кіреберіс жолы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.
  7. «Лекер» бірінші су көтергіш станциясынан Казталов ауылына дейін су құбырын (құрылыс құны – 200 743,0 мың теңге) және Қарасу, Көктерек ауылдарына «Ақбұлақ» ауыз су жүйесін салу. Құрылыс құны: 582 262,0 мың. теңге (Қарасу – 302 566,0 мың теңге, Көктерек – 279 696,0 мың теңге).

 

«Нұр отан» партиясының жобалары аясында:

  1. Казталов, Жалпақтал ауылдарында жаңа спорт алаңдарын және Сарықұдық, Қоныс, Жаңатаң, Сатыбалды, Жұлдыз ауылдарында шағын спорт алаңдарын салу.
  2. «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамашылдығымен цифрландыру жобалары шеңберінде Бостандық және Казталов орта жалпы білім беретін мектептерінде ІТ сыныбтарын ашу.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында:

  1. Ауданымызда 11 елді-мекенге (Ақпәтер, Бостандық, Әжібай, Жаңажол, Қоныс, Казталов, Қайынды, Қараоба, Қарасу, Қошанкөл, Нұрсай) талшықты-оптикалық байланысын жеткізу.
  2. Ауданымыздағы 10 балабақша мен 20 ОЖББМ автоматты түрде кезекке қою қызметіне қосу, сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерге бейне камераларын және Wi-Fi жүйесін орнату.
  3. «Жер телімін таңдау актісін» автоматтандыру жобасын іске қосу.

Инвестициялық жобалар:

  1. Жол-сервис қызметін ұлғайту мақсатында Казталов – Жәнібек республикалық маңызы бар автожолының бойынан жану – жағар май бекетінің құрылысы.
  2. Талдыапан ауылдық округінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының инвестициялық жобасын жүзеге асыру және мал азықтық дақылдар егу үшін «Лиман-55» каналының 11 шқ-на ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
  3. Елбасымыз 2019 жылы жастар жылы деп жариялап, кеше салтанатты түрде өзі ашып берді. Аудан жастары осы жылды келер ұрпақтың дамуына, өркендеуіне нақты қадам жасалатын жыл деп қабылдап, ауқымды шараларды жоспарлап отыр. Ол үшін жастарымыз үстіміздегі жылы өзендеріміздің географиясы мен экологиясын қорғауға бағытталған «Достық өзені» халықаралық экспедициясын, киіктерді қорғауға бағытталған жалпы аудандық «Ақбөкен» акциясын, Ресей Федерациясы жастарымен әлеуметтік қатынасты нығайтуға бағытталған жастар лагері жұмыстарын, жас кәсіпкерлер орталығы, бұқаралық спортты дамытуға арналған спорт түрлерінен лигалар ұйымдастыру сияқты ірі жобаларды іске асыруға құлшыныс біліруде. Биылғы жылы Жалпақтал ауылында жастарға арналған коворкинг орталығын және Жалпақтал модельді кітапханасы базасында жаңа ғимаратқа көшіріп коворкинг орталыққа айналдыру көзделуде..
  4. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұла даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда аудан тұрғындары үлкен белсенділік танытуда. «Атымтайлар елі» атанған Казталов ауданы ауқымды патриотты шараларды іске асыруды бастап кетті. Оғын куә Ақпәтердегі ФАП, Талдыапан мұз айдыны, жыл бойына атқарылатын жұмыстардың ішінде Қособа бастауыш мектебі, Сатыбалды клубы сияқты жобалар бар.

Қазақстан алма мен қызғалдақ Отаны деп әлемге таныту мақсатында жастарымызбен «ІІ Қызғалдақтар» фестивалін, Жалпақтал алма бағын қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылып, Қошанкөлде атқа міну мәдениетін, ұлттық спортымызды дамытуға бағыталған ат үйірмесін ашу, «Сәйгүлік» музейінің жжаңаұмысын жандандыру сияқты шараларымыз бар.

Міне, осы басымдықтарды 2019 жылы ауданымызда жүзеге асыру көзделуде. Бүгінгі күнге Мемлекет Басшысының Жолдауында белгіленген бағыттарды ауданымызда іске асыруға қажетті ресурстар, мемлекеттік қолдау, тұрғындарымыздың ынта-жігері мен мүмкіндіктері толық жеткілікті деп есептеймін.

Құрметті аудан тұрғындары!

Былтырғы жылғы атқарылған игі істер үшін барлық тұрғындарға ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлестері үшін ризашылығымды білдіремін.

Алдағы уақытта Сіздер мен біздер Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруда, Отанымызға деген патриоттық сүйіспеншілікті жоғары ұстап, бар күш-жігерлерімізді аянбай жұмсайтынымызға сенімдімін. Өйткені аудан тұрғындарының, мекемелер мен кәсіпорындардың, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың әлеуеті, мүмкіндігі де, ресурстары да жеткілікті.

Назарларыңызға рахмет!