Жер саласы жаңалықтары

ЖОБА

Пайдаланылмайтын ауыл

шаруашылығы мақсатындағы жерлерге

жер салығының базалық

мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Казталов ауданының жер аумағы 1 860 581 га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 855 259 га құрайды. Оның ішінде: егістік – 8 га;көпжылдық екпелер – 1 га; тыңайған жер – 5742 га; шабындықтар –132 603 га; жайылымдар – 714 286. га; басқа да алқаптар – 2 601 га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  220 338 га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 3 197 га;

Су қорының жерлері – 13 414 га.

Босалқы жерлер –768 373га. Оның ішінде: тыңайған жер –16 978га; шабындықтар – 82 027га; жайылымдар – 609 693га; басқа да алқаптар – 59 638га.