16 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Қазталов ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиында сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев барша жиынға қатысушыларды ел Тәуелсіздігнің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ауылымызда шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосқан бір топ ардагер аналарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ округ әкімі "Семей полигонының жабылуына 25 жыл" медалімен сол полигонда қызмет жасаған азаматтарды марапаттады.
Салтанатты жиыннан кейін көрерменнің назарына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оздырылған "Тәуелсіздікті жырлаймын" атты мекеме ұжымдары қатысқан өнер фестивалінің гала концерті ұсынылды.
"Ауыл айнасы" ақпарат