15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ауданның «Жыл үздіктері» анықталып, марапатталған еді.
Солардың қатарында «АУЫЛ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ ҚАЙРАТ ЖАҚЫП БАР.

Қайрат өлең жазады, дизайнер, видео камераны, фотоаппаратты бес саусағындай меңгерген. Тағы бір қыры – жиын - тойларда ұлттық құндылықтарды дәріптеген мәдениетті асаба. Сегіз қырлы, бір сырлы...Өнерің өрге жүзіп, қаламыңмен еліңе қызмет ете бер!- деген тілек білдіреміз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ