15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламада ұлы даланың аналарымен, аруларымен кездескендей болдық. Көз алдымызға Тұмар, Бопай, Ұлпан тағы басқа аналар және қасы-көзі қиылған, қолаң шашын сар даланың желі тербеген арулар келді.

Ал оны келтірген қарасулық Толқын Моншатаеваның «Ұлы дала арулары» атты сән үлгісі. Тамаша!
Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ