15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы ерекшелеу болғанын айтқанымыз жөн. Ол ерекшелік – ән орындаушылардың жанды дауысқа қарай бет бұруы.

Бұрыннан да айтып жүргеніміздей Мира Сүндетова мен Мұрат Ахметов табиғи дауыстарымен тыңдармандарын өздеріне тартып алды.

Ал аудандық саз мектебінің «Әуен» квинтеті мүшелері Асхат, Ерлан, Әсемгүл, ГауҺар, Айгүл орындаған «Ақ ерке Жайық», «Елім менің» әндері және Оралхан, Асхат, Мұраттың орындауларындағы «Гүлдариға» әні түрлі дауыстар арқылы өзара үндестік тауып, ақырында бір әуенге біріктіріліп, жұртшылықтың үлкен қошеметіне бөленді.

ЖАНДЫ ДАУЫСТА ӘН АЙТҚАНДАРҒА Ұ-ЗА-АААААААА-АҚ ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ!...

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ