25 жыл

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Әжібай ауылында жасанды жамылғы футбол алаңының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, -ауданымызда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай игі істер көптеп атқарылуда. Мына ашылып отырған футбол алаңы да соның бір айғағы.

30 қараша күні «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Жалпақтал мәдениет үйінде «Қазіргі кәсіптік білім – жастар болашағы» атты Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледж студенттерінің форумы өтті.

30 қараша күні Тұңғыш Президен күніне орай, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Жалпақталда бір пәтерлік төрт тұрғын үй пайдалануға берілді.Үй иелерін аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жаңа қоныстарымен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті.

30 қараша күні Жалпақтал мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, мекеме кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

30 қараша күні Жалпақтал мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мекемелер арасындағы концерттік бағдарлама бүгін өз жалғасын тапты.