25 жыл

11 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "25 жұлдызды күн" шарасы аясында мекеме қызметкерлері арасында "25 жас шаңғышы" шеруі өтті. Спорттық шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов сөз алып, 25 жас шаңғышыларға сәттілік тіледі.

10 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық ауыл шаруашылығы және аудандық ветеринария бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мекеме, кәсіпорын қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа аудандық жасөспірімдер туризм орталығы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық Қазақтелеком, Қазталов, А.Оразбаева мектептерінен командалар қатысты.

Бүгін Жалпақтал мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

9 желтоқсан күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр 1986 жылы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесу өткізді.Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға ауданның барлық ауылдарынан сол оқиғаның куәгерлері шақырылды.