25 жыл

12 желтоқсан Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді-мекенінде үлкен қуаныш көптен күткен медициналық пункт ашылды. Жаңа әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатына ауыл халқы түгел дерлік жиналды.

12 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Жаңажол орта мектебінде «Тәуелсіздік залы» ашылып, мұражайдың тұсауы кесілді.Тұсау кесу рәсіміне ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, аудан әкімінің орынбасары

12 желтоқсан күні ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев іссапармен ауданымызда болды.

12 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалынының мәжіліс залында «Ұмай» қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуге еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бергі басшылық қызмет атқарған алдыңғы толқын апаларымыз, «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

12 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Талдыапан ауылында «Тәуелсіздік монументі» салтанатты түрде ашылды. Монументтің ашылу салтанатына ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қатысты.