25 жыл

15 желтоқсан. Сағат 10:15. Аудан әкімдігінде ашылған "Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған" мәжіліс залында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімі орынбасарлары, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатырған салтанатты жиынды тікелей эфирден тамашалауда

14 желтоқсан күні «Жадыра» балабақшасының «Балапан» тобында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім – туған жерім» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте сөз алған балабақша меңгерушісі Венера Малахова шақырулы қонақтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

13 желтоқсан күні «25 жұлдызды күн» жоспарына сәйкес аудандық сот қызметкерлері Қазталов ауылының тұрғыны Ұлдана Рахымғалиеваның шаңырағына барып, қайырымдылық көрсетті.
Жас ана Ұлдана сәбиі Гүлназымның 1 жас 4 айынан бастап денсаулығының нашарлағанын байқап, дәрігердің көмегіне жүгінген.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазталов ауылдық округінің жастар ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында еркін күрестен ауданның ішкі біріншілігі өтті.

12 желтоқсан күні Қазталов ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және "25 игі іс" аясында «Әулет» шағын сауда маркеті ашылды.Ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің газ өндірісін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев және аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин,- Барша ауыл тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ашылып отырған шағын маркет тұрғындардың игілігіне қызмет жасасын!- деген тілектерін жеткізді.