25 жыл

16 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Қазталов ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиында сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев барша жиынға қатысушыларды ел Тәуелсіздігнің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ауылымызда шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосқан бір топ ардагер аналарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ауданның «Жыл үздіктері» анықталып, марапатталған еді.
Солардың қатарында «АУЫЛ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ ҚАЙРАТ ЖАҚЫП БАР.

15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламада ұлы даланың аналарымен, аруларымен кездескендей болдық. Көз алдымызға Тұмар, Бопай, Ұлпан тағы басқа аналар және қасы-көзі қиылған, қолаң шашын сар даланың желі тербеген арулар келді.

15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы ерекшелеу болғанын айтқанымыз жөн. Ол ерекшелік – ән орындаушылардың жанды дауысқа қарай бет бұруы.

15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған баяндама жасады. Салтанатты шарада ауданның «Жыл үздіктері» марапатталып және түрлі сала өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.