Казталов ауданы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатырған жұмыстар

1. Казталов ауданы бойынша жұмыс тобы құрылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 тармақтан тұратын нақты бекітілген жоспармен жұмыс жүруде. Арнайы 6 жобаны жүзеге асыру бағытында 20 адамнан тұратын аудандық жұмыс тобы бар, құрамында қоғамдық ұйым өкілдері, депутаттар, ұстаздар, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, жастар ұйымдары қамтылды.Бүгінгі күні ауданымызда «Туған  жер»  бағдарламасының 4 кіші бағдарламаларына және базалық бағыттарына жауапты адамдар бекітіліп іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмысты бастады. 
2. Қоғамдық келісім кеңесі, қоғамдық кеңес, «ақсақалдар алқасы», ауданның белсенді азаматтарын, кәсіпкерлерді біріктірген кеңесші-сарапшы топ құрылды. Кеңесші-сарапшы топ тиісті ұсыныстарымен ойларын жұмыс тобына жеткізе отырып, бірлесе жұмыс атқаруда.
3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі іске асыру үшін қазан айының аяғында ауданда «Рухани жаңғыру» жобалық офисы жұмысын бастады.

4.КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ «Туған ел. kz» сайты ашылды. Сайтта ең алдымен аудан туралы ақпарат, аудан әкімінің блогы, барлық мекемелердің, ауылдық округтердің байланыстары, электрондық пошталары орналасқан. Сайтта жерлестеріміздің базасы, ауданымыздың «100 жаңа есім» базасы, сакралдық орындар жөнінде мағлұматтар, жер-су атаулары, жергілікті сазгерлермен ақындардың жинақтары, атқарылған жобалар, алдағы жоспарланған жобалар туралы мәліметтер орналастырылған. Алдағы уақытта сайт аудан, ауыл мәліметтерімен толықтырылып, туған жердің көрнекті жерлерінің фотогалереясы орналасады. Сайт арқылы әрбір жерлес өздерінің ұсыныс, пікірлерін білдіре алады. Сайт жаңа мағлұматтармен, жаңа деректермен үнемі толықтырылып тұрады. «Туған өлке» атты арнайы бет ашылып, мұражайлар картасы, арнайы анықтамалық орналастырылады. Аудандағы  тарихи –мәдени жәдiгерлер, туризм нысандары, табиғи қорықтар тiзiмiн және ақпараттарды бiр жерде шоғырландыратын танымдық сайт болады.                                                                                                      Бұл жұмыс «Атамекен» кіші бағдарламасы,  «Азаматтық бақылау» базалық жобасы аясында жүзеге асады.                                                                                                                                  «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылған жұмыстар ғаламтор ресурстарында 67 материал болса, жергілікті баспасөзде 125, облыстық баспасөзде     32 мақала жарық көрді.

 

І.«Туған жер» бағдарламасы бойынша:

1. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 56 жоба іске асырылады: «Азаматтық бастамалар картасы» базалық жобасы аясында балалар ойын алаңдарын салу, техникалық су өткізу, ауылдың, көшелерін абаттандыру, саябақтар мен алаңдар салу, жаяу жүргінші жолдарын төсеу жобалар жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта 16 ауылдық округтерде жерлестер форумы өтуде.

 

2. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы 11 жобаны қамтиды:  
а) «Өнегелік құндылықтар» базалық жобасы аға буын өкілдеріне, қарияларға құрмет пен көмекті насихаттау бағытында 12 шара күні бүгінге жүргізілді, еріктілік қызметтің әлеуметтік-бағдарлы моделін дамыту арқылы жүзеге асатын «Ұрпақтардың үлесі» жобасы аясында әр ауылдық округтен 15 еріктілер құрамы жасақталып, жалпы 240 ерікті бұл жұмысқа тартылады.
«Құнды кітаптар», «Құнды құжат» акциялары өлкетану музейлеріне, сурет көрмелеріне, кітапханаларға тапсыру жұмыстары басталды.
Ауданымызда әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары: демеушілер есебінен спорттық, күрес залдары, клуб, бастауыш мектеп салу қолға алынды. (Талдыапан ауылдық округінің Сарықұдық ауылында клуб салу, Қособа ауылында бастауыш мектеп салу, Бостандық ауылдық округінде бокс залын ашу, Жаңажол ауылдық округінің Әбіш ауылында, Көктерек ауылдық округінің Сатыбалды ауылында клуб салу).
Өңіріміз туралы "Туған өлке" кітабын, «Казталовтың жер-су атаулары», «Жергілікті сазгерлер» жинағын шығару. Дәстүрлі мәдениет, ұлттық рәсім мен жоралғылар фестивальдерін ұйымдастыру мақсатындағы «Дәстүрді құрмет еткен ел» кешенді жобасын жүзеге асыру жоспарланды.(«Бесік жыры» байқауы, «Келіндер», «Ата, әже және немере» сайыстары, «Әкелер слеты», «Отбасылар» кездесуі, «Бұрымды қыз», «Жігіт сұлтаны», «Батагөйлер» сайысы, «Қазақтың ұлттық ойындары» сайысы, «Ұлттық дәстүр» фестивалі).
«Таза көше», «Таза ауыл», «Көшеміздің тойлары», «Ауыл тойы», «Ауыл күні» шаралары оздырылуда, қазіргі кезде 16 ауылдық округ, кіші елді-мекендерде бұл жұмыстар кеңінен жүргізілуде. Аумақты көгалдандыру мақсатында «Менің терегім», «Менің ағашым» акциясын өткізу, өзен жағалаулары, су қоймалары мен өзге де нысандарды тазалау мақсатында экологиялық айлықтар өткізу,

САКРАЛДЫ ОРЫНДАР: «Туған жер» бағдарламасы аясында ауданымызда киелі жерлерді анықтау барысында да жұмыстар жүргізіліп, Қарасу округіндегі «Жалпақтал» қалашығы, Жалпақтал   ауылындағы «Қожантай» мешіті», Қароба ауылындағы «Омар Жазықұлы» бейіті тарихынан мағлұматтар жинақталып, облыстық, ұлттық комиссияларға табысталды.                                                                                                   

  «Туған өлке мәдениеті» базалық жобасы бойынша 8 жоба жүзеге асады: табиғи ескерткіштер, «туған өлке» туралы фото және бейнежазбалар топтастырылған жалпыға ортақ аймақтық ақпараттар базасы құрылып, көрмелер ұйымдастырылады. Бұл бағытта 2 рет Казталовка ожббм мұғалімі Мерхат Ибатовтың «Туған өлке» фотокөрмесі ұйымдастырылып, 3 бейнеролик әлеуметтік желілерге жіберілді.
     МҰРАЖАЙЛАР:
Ауданның тарихи-өлкетану мұражайын ашу, белгілі қоғам қайраткері Алма Оразбаева атындағы 150 жылдық тарихы бар орта мектебінің мектеп тарихы туралы мұражайын ашу, Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінен Даңқ орденінің толық иегері Қайырғазы Имашев атындағы патриоттық мұражай, Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының жанынан бөлек мұражай салу, Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі жанынан өлкетану мұражайын ашу.
Жалпы қазір аудандық 3 мұражай жұмыс атқаруда, олар аудан орталығындағы тарихи мұражай, Ақпатер, Көктерек ауылдық округтеріндегі тарихи-өлкетану мұражайлары. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары жанынан 8 мектеп мұражайы жұмыс жасайтын болса, оның 7-і тарихи-өлкетану, 1-і педагогикалық бағытта. (К.Меңдәлиев, Ғ.Бегалиев, Талдыапан, А.Оразбаева, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы, С.Есетов, Қарасу орта жалпы білім беретін мектептері мен Қараөзен мектеп-лицейінің мұражайлары).
Сонымен қатар, 1 фестиваль, 1 жәрменке жоспарланды. «Шеберлер ауылы» фестивалі, «Ұлттық сувенирлер» жәрменкесі, жәрменкеде 85 ұлттық бұйым ұсынылады.
3. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 7 жоба:
а) «Өлкетану» базалық жобасы бойынша жоба:
Биылғы оқу жылында  Ғ.Молдашев атындағы, Бостандық, Жаңажол орта жалпы білім беретін мектептерінен мұражай ашу көзделуде.
Қазіргі кезде Бостандық, Жаңажол мектептерінде «Тәуелсіздік залы» ашылып, жұмыс жасауда. «Туған өлке тарихы» бағытында 8 үйірме (Ғ.Бегалиев, А.Оразбаева, К.Меңдәлиев атындағы, Тереңкөл, Ақпәтер, Жаңажол ожббм, Қараөзен мектеп-лицейінде) сыныптан болса, 12  мектептен «Жас мұражайшы», «Жас өлкетанушы» үйірмелерін   ашу жоспарлануда. (Бостандық, Қарасу, Бірік, Талдыапан, Богатырев, Көктерек, Қайыңды, Қоныс, А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп, Жаңатаң, Сатыбалды, М.Жүнісов негізгі жалпы білім беретін мектептері).
2017 жылы «Туған жер-алтын бесік» 5-9 сыныптарға арналған Ғ.Бегалиев ожббм биология пәні мұғалімі, аудандық шығармашылық топтың мүшесі Мирбол Адаялиевтің өлкетану (казталовтану) курсы ұйымдастырылды. 34 сағаттық өлкетану курсын 27 мектепте 41 сынып оқуда. Жалпы курсқа 400 жуық бала қамтылды.
«Мен өз туған елімнің патриотымын» суреттер байқауын ұйымдастыру, 2 мәрте көрме, 2 мәрте сурет байқауын ұйымдастыру жоспарлануда, жалпы 250 оқушы қамтылады. «Менің Отаным –Қазақстан» жас өлкетанушылар туристер мен экологтарға жыл сайын аймақтық, аудандық, облыстық,  республикалық слеттер өтуде. Ауданда өткізілетін туристік-өлкетанулық іс-шараларға Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы, Ғ.Бегалиев, А.Оразбаева, С.Есетов, К.Меңдәлиев атындағы ожббм, Казталовка, Тереңкөл, Ақпәтер ожббм, Қараөзен мектеп-лицейі үнемі белсенділікпен қатысады. Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы, Ғ.Бегалиев атындағы ожббм «Менің Отаным –Қазақстан» жас өлкетанушылар туристер мен экологтардың облыстық слетінде үздік нәтиже көрсетіп жүрген мектептер.
Слеттардың жалғасы ретінде өз өлкемізді өзгелерден бұрын тану мақсатында ауданымыздың туризм саласындағы ұстаздармен жоғары сынып  оқушыларынан, белсенді жастардан арнайы экспедициялық топ жасақталып, 6 қыркүйек күні  Қараоба ауылынан бастау алып, өз ауданымыз бен қоса көршілес Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының біраз жерлерін «Ғұмар Қараш ізімен» тарихи-танымдық экспедициясы 10 қыркүйек күні аудан орталығына оралып, сапарларын қорытындылады. Жалпы 32 адам тарихи-туристік экспедицияға шықты. Экспедициялардың берер тәлімі мол деп ойлаймыз. Іс-сапар барысында бейнеролик, тиісті жинақ жасақталды. Бұл жобалар әлі де жоспарлы түрде жалғасын таппақ. Жоспарда күзгі демалыс кезінде Сарайшық-Қобда-Жиренқопа бағытында экспедиция жасақтау. «Алаш» ғылыми-танымдық конференция ұйымдастыру, құлпытастарды, көше, ауыл атауларын зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

б) «Отаным – тағдырым» базалық жобасы аясында  жүзеге асатын жобалар:
Атаулы мерекелерге байланысты шерулер ұйымдастыру:
«Өнерпаздар шеруі»-120 бала, «Білімпаздар шеруі»-70 бала, «Спортшылар шеруі»-100 бала қамтылады.

«Ұлы дала тұлғалары». Білім алушылардың өлкенің табысты тұлғаларымен, ауданның «Құрметті азаматтарымен» кездесулерін өткізу. Мысалы, Сухан Камалов, Жайсан Ақбай, Данияр Елеусінов, Тұрсынбек Қабатов, Данагүл Темірсұлтанова, Дина Хамзина т.б. Шеберлік сыныптар: Данияр Елеусинов, Тұрсынбек Қабатовтің, Дина Хамзиналарды елге шақырып, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру. Батыс Қазақстан облысы бойынша ақын – жазушылар курсын мектептерде еңгізу бағытында жұмыстар басталды. «Ғұмартану», «Ақұштаптану», «Дариғатану», «Қадіртану», «Жұбантану» курстары Тереңкөл, Қайыңды, Ғ.Молдшев, К.Меңдәлиев ожббм мен Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы, Қараөзен мектеп-лицейі «Жас ұлан» жастар және балалар қозғалыстары, «Тәуелсіздік ел тірегі» патриоттық акциялар мен жобаларды жүзеге асыруда алдыңғы орыннан көрініп келеді. Қазіргі күні «Жас ұланға» 2500 оқушы, «Жас қыранға» 1220 оқушы қабылданып, жалпы саны 3720 оқушыны құрап отыр. Келешекте «Жас ұланға» 1300 оқушы, ал «Жас қыранға» 940 оқушы, жалпы 2240 оқушы қабылдау жоспарлануда.
в)«Саналы Азамат» базалық қоры:
   «Бір апта қалада» ауылдық жерде тұратын білім алушыларға арналған жобаға 20 бала қамтылады деп жоспарлануда.
«Мерей». Өз кәсібінің табыстылары туралы бейнематериалдарға биылғы жылға ауданымыздан  2 кейіпкерді түсіру жоспарланып отыр. Баян Қабиева-өнер мектебінің ұстазы, шәкірттері халықаралық деңгейдегі жеңімпаздар, халықтық отбасылық ансамбльдің жетекшісі, «Әжелер шапағаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Ерен еңбегі» медалінің иегері, ауданымыздың «Құрметті азаматы»,                           Нұрлан Ниғметов-аудандық балалар саз мектебінің мұғалімі, жергілікті сазгер, облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының номинанты.

Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда 75 жоба іске асырылады.
  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында бірлік пен ынтымақтың, келісім мен жасампаздықтың тың бастауы «Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың» атты Казталов ауданының жерлестер форумы 2017 жылдың 4  қазан күні Жалпақтал ауылында оздырылды. Ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып, әр кез қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріміздің елге атқарған қызметтерін көрсете отырып, дәріптеу және алдағы уақытта ауданымыздағы жерлестердің қозғалысын дәстүрге айналдыру. Адамдық парызынан айнымаған жандар, «бүгінгінің батырлары» ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріміздің басын қосу - форумның басты мақсаты. Форум барысында тың жобалармен, жаңашыл бастамаларға жол ашу, демеушілік көздерін елге тарту жұмыстары көзделіп отыр. Күні бүгінге 16 ауылдық ауылдық округте жерлестер форумдары ұйымдастырылып, тиісті меценаттар өз ұсыныстарын білдіріп, «жерлестер қорлары» ашылуда.
04 қазан күні облыстық деңгейде оздырылған Форум аясында 7 меморандумға қол қойылды ауданда:
1. КазИИТУ ғылыми білім кешені мен Қараөзен мектеп-лицейі арасындағы білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық Меморандумы. 
Меморандум жасау үшін сахнаға КазИИТУ ғылыми білім кешенінің құрылтайшысы, Қазақстан иновациялық телекоммуникация жүйелер универститетнің ректоры Айтимов Ақсерік Сарыұлынан атынан Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, Самара мемлекеттік университетінің аспиранты Гумаров Серік Бақтығалиұлы және Қараөзен мектеп-лицейі директоры Жексенова Мәншүк Ізбасарқызы  арасында.
2.Батыс Қазақстан облысы балалар жасөспірімдер бокс мектебі және Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі өзара ынтымақтастық меморандумы. Екі тараптың өкілдері шақырылады Батыс Қазақстан облысы балалар жасөспірімдер бокс мектебінің директоры Ешекенов Талғат Хамидоллаұлы және Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Құсайынов Ақылбек Апалченұлы арасында.
Меморандумның мақсаты – жасөспірімдердің арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бокс спортын жан-жақты дамыту және бокс спортына деген белсенділіктерін арттыру. Бокстан облыс құрамасын іріктеп, Қазақстан құрама командасына жасөспірімдерді дайындау. Екі жақты оқу жаттығу жиындарын өткізу.  Ауданға ринг алынуда демеушілікпен
3. Болашақ ауылдық округінің әкімі Дүйсенов Қоблан Тұрақбайұлы және Орал қаласына қарасты «Прожж Инвест» ЖШС жетекшісі Ержанов Самат Рысқалиұлы (Болашақ ауылында туып өскен)  арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қоюға шақырылады. Ауыл халқына демалыс орнын ұйымдастыру бағытында Болашақ ауылдық округі орталығындағы саябақты көріктендіру және абаттандыру мақсатында өз қаражатынан 1,0 млн. теңге көлеміндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
4.Қараөзен ауылдық округінің әкімі Рахматуллин Мұрат Есетұлы және Ғазизов Мерғали Жұмағалиұлы арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қоюға шақырылады.  2008 жылғы түлектер 500,0 мың теңге көлемінде өз қаражаттарынан ауыл тұрғындарына арнап орталық саябақты жөндеп абаттандыру жұмыстарын жүргізу өзара ынтымақтастық меморандумы;
5.Талдыапан ауылдық округінің әкімі Ескалиев Асқар Есқалиұлы және Талдыапан ауылдық округіне қарасты «Асқар» ш/қ жетекшісі Аябалиев Дархан Қадырәліұлы арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қоюға шақырылады.  800,0 мың теңгеге ауыл жастарына арнап округ орталығына Алтыбақан алаңын салу өзара ынтымақтастық меморандумы.
6.Талдыапан ауылдық округінің әкімі Ескалиев Асқар Есқалиұлы және Талдыапан ауылдық округіне қарасты «Дархан» ш/қ жетекшісі Тапауов Жолдыбай арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қоюға шақырылады. 8,0 млн.теңгеге Сарықұдық елді мекенінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосу мақсатында ауыл халқына жаңадан клуб үйі ғимаратын тұрғызу жөніндегі өзара ынтымақтастық меморандумы
7.Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Бозымов Қазыбай Қараұлы және Бірік ожббм Жағыпаров Уалихан Тоққожаұлы арасында. Өзара ынтымақтастық меморандумы.
Меценаттар, демеушілер арқылы жасалатын жобалар 20 млн көлемінде өз қаражаттарынан елге игі істер атқаратындарын форум нәтижесінде көрсетті. Бұл меценаттар ішінде елімізге танымал актер, жерлесіміз Тұрсынбак Қабатов 3 ауылға концерттік аппаратура алып береді, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, «Казталов ауданының құрметті азаматы» Жақыпов Мирболат Хабиұлы жартымиллион теңге көлемінде қаражатты қорға салады. Сонымен қатар Казталов ауданының жерлестері форум аясында Үндеу қабылданды.
Форум аясында меценаттар, демеушілер арқылы жасалатын жобалар 20 млн көлемінде өз қаражаттарынан елге игі істер атқаратындарын форум нәтижесінде көрсетті. Бұл меценаттар ішінде елімізге танымал актер, жерелесіміз Тұрсынбак Қабатов  3 ауылға концерттік аппаратура алып береді, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, «Казталов ауданының құрметті азаматы» Жақыпов Мирболат Хабиұлы жартымиллион теңге көлемінде қаражатты қорға салады. Сонымен қатар Казталов ауданының жерлестері форум аясында Үндеу қабылданды.
                                                                                                               
     Ауданда атқарылар істер әліде жетерлік, бірақ қазіргі таңда «Туған  жерге  тағзым" акциясы аясында  2009-2017 жылдар  аралығында  өскелең  ұрпақ үлгі  алатындай 141 млн 760 мың теңгені құрайтын 53 жобаны ауданымызда іске қосты.
      Алдағы 2018 – 2021 жылдарға әрбір ауылдық округтер  бойынша  нақты атқаруға болатын  жобалар  жоспарланып отыр. 2018 жылға болжамды құны 146 млн теңге шамасындағы 48 жобаны іске асыру көзделуде