БЖЗҚ

Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.  

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.     

Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.