Шыныбеков Абат Абайұлы

Абат Абайұлы Шыныбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1998 жылы «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын бітірген.  
Алғашқы еңбек  жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл совхозында инженер-механик болып бастаған.
1995-2000 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратында маман,  аға маман, бөлім меңгерушісі.
2000-2003 жылдары облыс әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор.
2003-2006 жылдары Қазталов ауданы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жылдары ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Біліктілікті растау және тағайындау республикалық орталығы» РМКК БҚО бойынша филиалының директоры.
2007 жылы Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы.
2008 жылы Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.
2008-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
2012 жылдан Орал қалалық мәслихаттың хатшысы.
2013-2017 жылдары Сырым ауданының әкімі.
2017 жылғы 30 маусымнан  Казталов  ауданының әкімі.